• Басты
  • Қазақстандағы фитосанитария мен ветеринария қауіпсіздігі
4 Сәуір, 2018 09:21

Қазақстандағы фитосанитария мен ветеринария қауіпсіздігі

Фитосанитария мен ветеринария қауіпсіздігі елдегі маңызды салалардың бірі. Зиянды жәндіктерді жою, карантиндік режим енгізу ел әл-ауқатының деңгейіне бастама болатын істердің алды. Еліміздегі фитосанитария қауіпсіздігінің даму деңгейі туралы Strategy2050.kz. АА дайындаған шолудан біле аласыздар.
Қазақстандағы фитосанитария мен ветеринария қауіпсіздігі

Үкімет отырысында  Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниевтің айтуынша,  биыл  зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілердің 5,1 млн. гектарға, оның ішінде 1,92 млн. гектарға үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің, 2,4 млн. гектарға астық дақылдары ауруларының, 444 мың гектарға саяқ шегіртке тектестердің таралуы болжануда

Өсімдіктерді қорғау іс-шараларын жүргізуге республикалық бюджеттен 3,57 млрд. теңге бөлінді.

Пестицидтерді сатып алу конкурстары аяқталды. Үйірлі шегіртке тектестерге қарсы 540 дана бүріккіш техникалары жұмылдырылады. Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары бойынша аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу бойынша жеткізушілер айқындалды, қалған өңірлер бойынша конкурстық рәсімдер жалғасуда.

Жедел жағдайға «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының резервтегі техникасы дайындалды.

«Мароккалық шегірткенің жаппай таралуы Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында күтілуде, осы өңірлерде мароккалық шегірткеге қарсы 639,6 мың гектарды (Оңтүстік Қазақстан облысында 340,9 мың гектарды, Жамбыл облысында 298,7 мың гектарды) өңдеу жоспарланды», - деді А.Евниев.

Сондай-ақ, саяқ шегіртке текстестерге баса назар аудару қажет, ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдар 408,4 мың гектар жерді өңдеуге 718,3 млн. теңге бөлді. Қолдағы ақпаратқа сәйкес облыстар әкімдіктерінің барлығы бірдей бұл мақсаттарға қаражат көздемеген, мысалы, Қарағанды облысының әкімдігі 15,6 млн. теңге бөлген, бұл 33,7 мың гектар жердің тек 8,3 мың гектарын ғана (24%) өңдеуге мүмкіндік береді.

«Қытаймен, Өзбекстанмен және Ресеймен шекаралас аумақтардан үйірлі шегіртке тектестердің ұшып келуінің уақтылы алдын алу мақсатында, Министрлікпен  үйірлі шегіртке тектестермен күресу ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды. РФ-мен 2018 жылға бірлескен іс-шаралар жоспары келісілді», - деді вице-министр.

Сонымен қатар, жеміс ағаштарының күйігін (ошақтардың 150,3 гектарға көбеюі) қоспағанда, карантиндік объектілер бойынша, жалпы алғанда, карантиндік объектілермен зақымдалған жерлердің 2015 жылы 248,54 мың гектардан 2018 жылы 123,63 мың гектарға азайғаны байқалады.

Республикада карантиндік объктілердің 14 түрі таралған, барлық залалданған ошақтарда карантин белгіленген.

Мысалы,  2017 жылы карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу мен транзиттеу барысында жүргізілген бақылау кезінде Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзған 1202 факт анықталды, оның ішінде 276 факт бойынша карантиндік объектілер табылды. 86,33 млн. теңге сомасына айыппұлдар салынып, 11,8 мың тонна карантинге жатқызылған өнім экспорттаушы ел аумағына қайтарылды, 121 мың тонна жойылды.

«2018 жылғы наурыздағы жағдай бойынша Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзған 254 факт анықталды, оның ішінде 9 факт бойынша карантиндік объектілер табылды 11,3 млн. теңге сомасына айыппұлдар салынды», - деді ол.

Ұтқыр топтар құру арқасында 2017 жылғы қазаннан бастап Қырғызстан аумағынан карантинге жатқызылған 4,2 мың тонна өнім тасымалының жолы кесілді.

Министрлікпен отандық өсімдік тектес өнімдерді әлем нарығына жеткізуге фитосанитариялық кедергілерді алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні бидайды, бидай кебегін, соя бұршағын экспорттау жөніндегі талаптар қытай тарапымен келісілді.

«Ағымдағы жылғы 22-29 сәуір аралығында Қытайға күнжара мен жоңышқа (азықтық мақсатта) экспорттауды қалайтын Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарындағы кәсіпорындарды қытайлық сарапшылардың тексеруі жоспарланып отыр, тексеру қорытындысы бойынша көрсетілген өнім түрлеріне қойылатын талаптар жобасы келісілетін болады», - деді А.Евниев.

Маусым айында жүгері мен арпаға тексеру жүргізіледі деп күтілуде.Алдағы уақытта қытайлық сарапшылар жүргізетін бұл тексерулер аумақтар басшыларына белгілі бір жауапкершілік жүктейді, өйткені түпкілікті қорытындылардың қандай болатындығы әрбір тексерілетін объектіні бағалау нәтижесіне байланысты болмақ. Осыған байланысты, облыстар әкімдіктері қытай мамандарымен инпекция жүргізуге көмек көрсетулері қажет.

«Өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторлардың жұмыс қағидатын сертификат беруден елдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан өзгерту қажет. Ол үшін осы процесті автоматтандыру керек.Сондай-ақ фитосанитариялық сертификаттарды бері бойынша жаңа тәсілдері әзірленді», - деді бірінші вице-министр.

Аталған өзгерістер карантинге жатқызылған өнімдерді қадағалап отыру қағидатын енгізуге және фитосанитариялық тәуекелді талдау негізінде сертификат беру процесін автоматтандыруға, карантинге жатқызылған өнімдерді өндірумен, өңдеумен, тасымалдаумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылық дақылдарын сорт сынау жүйесіне Австралияның тәжірибесі бойынша өзгеріс енгізу жоспарлануда, бұл талаптарға сәйкес келетін және тізілімге енгізілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жерлерінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде сорт сынауға мүмкіндік береді, ал сорт сынауды бақылау мен сүйемелдеуді аккредиттелген агрономдар жүргізетін болады.

Сонымен қатар, 2018 жылы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жоспары қазанда бекітілді, бұл  толықтай ветеринариялық препараттарды аудандарға дейін тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді уақтылы сатып алуға мүмкіндік берді.

«Аса қауіпті аурулар бойынша вакцинациялау көлеміне күнделікті мониторинг жүргізе отырып, комитет мамандарының өңірлерге шығуы арқылы манипуляция жүргізуге бақылау ұйымдастырылды.Жалпы алғанда вакцинация жоспардағыдай өтуде», - деді ол.    

Сонымен, 2018 жылғы 2 сәуіріндегі жағдай бойынша жоспар  7,7 млн. бас болғанда 6,9 млн. басқа немесе 90,1% малға аусылға қарсы вакцина егілді, сібір жарасына қарсы екпе жоспар 1,1 млн. бас болғанда 0,8 басқа немесе 82,2% малға жасалды, нодулярлы дерматитке қарсы екпе жоспар 0,9 млн бас болғанда 0,7 млн. басқа немесе 85,4 % малға жасалды.

Бұл ретте, нодулярлы дерматитке қарсы вакцина салудың төмен мөлшері Ақтөбе облысында (74,2%), аусыл бойынша – Оңтүстік Қазақстан облысында (72,8%), сібір жарасы бойынша – Қарағанды облысында (74,2%) байқалады.

Облыстық, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері қолданыстағы 3 609 мал қорымдары бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу.

Жалпы аса қауіпті зиянды организмдер бойынша ахуал және ветеринариялық-санитариялық объектілердің жай-күйі тұрақты бақылауда.

А.Евниев айтқандай,  2018 жылдың 19-22 ақпаны аралығындағы кезеңде Халықаралық эпизоотиялық бюроның (ХЭБ) халықаралық сарапшылары ірі қара малдың нодулярлы дерматиті бойынша миссия (Атырау облысы Құрманғазы ауданы) өткізді.

«Халықаралық сарапшылардың алдын ала қорытындысы бойынша инфекцияны оқшаулау бойынша ветеринариялық қызметтің жұмысы оң бағаланды, бұл жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдердің экспортын арттыруға ықпал етеді», - деді ол.

Жануарлардан алынатын балық және балық өнімдері, мұздатылған қой еті, бал, асыл тұқымды және жылқы пайданушы экспорты бойынша Қытаймен жұмыс жандандырылды.

Өз кезегінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев  Ауыл шаруашылығының министрлігіне  өңір әкімдіктерімен бірігіп, жануарларлардың көші-қонын бақылауда ұстап, ветеринарлық препараттардың  сақталуын қадағалауды тапсырды. 

Аягөз Құрмаш

Фото: ашық дереккөзден

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды