- Басты
- Б.Сағынтаев «Сарыарқа» газ құбырының құрылыс жоспарымен танысты
Б.Сағынтаев «Сарыарқа» газ құбырының құрылыс жоспарымен танысты

Қызылорда облысы жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бірден әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсатты индикаторларына қол жеткізу бойынша облыстың Жобалық бақылау жұмыстарының жүйесі және Мемлекет басшысының Жолдауларын іске асыру мәселелері бойынша өңір активімен, аудан әкімдерімен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуде Елбасының өсімнің жаңа моделін қалыптастыру бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды, ол үшін экономиканың барлық маңызды бағыттары бойынша жобалық басқару жүйесі енгізілді. Бұл — жаппай кәсіпкерлікті дамыту, инвестициялар тарту, индустрияландыру, АӨК, өнімді жұмыспен қамту, цифрландыру, технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу. Әрбір жоба бойынша мақсатты көрсеткіштер белгіленген.
Сонымен қатар, кездесу барысында Қызылорда облысы экономикасының құрылымдық трансформациясын және сапалы әрі теңгерімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша ішкі қорларын анықтау және пайдалану жоспарлары қаралды.
«Кәсіпкерлікті дамыту Үкіметтің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Бұл — еліміздің экономикалық өсімінің жаңа моделін құрудың басты бағыты. Осыған орай Үкімет кәсіпкерлік ахуалын жақсарту және ШОБ субъектілерінің іскерлік белсенділігін ынталандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Айта кетейік, бүгінде лицензиялар мен рұқсаттар саны 3 еседен астамға қысқартылды. Мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларына тексеріс жүргізілді: бақылаудың 25 саласы және қадағалаудың 3 саласы алынып тасталады. ШОБ субъектілерін тексерудің 17,6 мыңнан астам талаптары қысқартылды, мемлекеттік органдарға есептер мен ақпараттың әртүрлі түрлерін ұсыну бойынша бизнеске қойылатын ақпараттық талаптар саны 30%-ке азайды», - деді ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.
Оның айтуынша, бизнеске қолайлы жағдайлар жасау мен қайта реттеуге бағытталған заң жобасы Парламентте қаралып жатыр. Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарына қойылатын 30-дан астам ескірген санитарлық ережелер жойылады. Салықтық тексерістер саны 40%-ке азаяды.
Сонымент қатар, Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Қараөзек» компрессорлық станциясына барды, онда Премьер-Министр Президенттің бесінші әлеуметтік бастамасы — «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» шеңберінде «Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылыс жоспарымен танысты.
Қараөзек станциясы Қазақстан кен орындарының батыс топтарынан (Қарашығанақ, Қашаған, Теңіз, Жаңажол және Өріктау газы) табиғи газды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін Бейнеу – Бозой – Шымкент газ магистральды жүйесінде жұмыс істеуге бағытталған. Зауыттың өнімділігі жылына 10 млрд м³ құрайды, бұл көрсеткішті болашақта жылына 15 млрд м³ дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Биылғы шілде айында «Қараөзек» компрессорлық станциясынан «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағытында 2,7 млн адамды табиғи газбен қамтамасыз ететін «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы басталады.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші кезеңде ұзындығы 1081 шақырым «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Астана» бағыты бойынша магистральдық газ құбырының құрылысы жоспарланған. Екінші кезеңде ұзындығы 276 шақырым болатын «Астана – Көкшетау» газ құбыры тартылады. Үшінші кезеңде — 177 шақырым болатын «Көкшетау – Петропавл» учаскесі және соңғы төртінші кезеңде аталған газ құбырынан газ тұтынудың болжамды ұлғаюын есепке ала отырып, магистральды газ құбырының өткізгіштік қуатын жылына 3 млрд м³ дейін жеткізу үшін «Жезқазған» және «Теміртау» компрессорлық станцияларын тұрғызу жоспарланған. Магистральды газ құбырын толтыру және тұтынушыларды газ жеткізумен қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана әкімдіктері 2019 жылдың шілдесіне дейін газ құбырының аяқталуын синхрондау арқылы газ тарату желілерін жобалайды.
Сондай-ақ бұл жоба магистральды газ құбыры бойындағы инфрақұрылымды белсенді дамытуға, табиғи газды пайдалануға қатысты жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Сапар барысында «Қызылорда – Жезқазған» автожолын дамыту перспективалары да қаралды.
Бұдан басқа, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Арал өңірінің жұртшылығы мен активімен Солтүстік Аралды дамыту мәселелері жөнінде кездесу өткізді.
Кездесу барысында Солтүстік Арал жобаларын іске асыру, ауыл шаруашылығын дамыту, соның ішінде суармалы жерлерді жақсарту мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, бүгінде аудан экономикасын дамыту бойынша шаралар кешені іске асырылуда. Арал ауданының бюджеті жеті есеге ұлғайтылды, соның арқасында жаңа өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандар ашылды. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Аралды құтқарудың халықаралық қорына 25 жыл толды. Бұл шешім Арал маңы тұрғындары үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл ел үшін маңызды оқиға болды — Аралдың қазақстандық секторы қайта қалпына келді. Ал, Аралды қайта қалпына келтіруге байланысты аймақ экономикасының жақсаруының арқасында Каспий, Балқаш және Қапшағайға кеткен балықшылар өңірге қайта оралған.
Сонымен қатар, Үкімет басшысының Сыр өңіріне сапары аясында «Байқоңыр» ғарыш айлағыда назардан тыс қалмады. Бақытжан Сағынтаев еліміздің ғарыш саласының дамуымен, сондай-ақ Байқоңыр қаласын одан әрі көркейту жоспарымен танысты.
Қазіргі таңда қаланы табиғи газбен қамтамасыз ету және тұрғын үй құрылысы жұмыстары басталған, сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін реконструкциялау және жаңғыртудың дайындық жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылданып жатыр.
Еске сала кетейік, Бақытжан Сағынтаев Елбасы тапсырмасы бойынша кеше жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына барды. Оның аясында Үкімет басшысы өңірдегі индустриалды-инновациялық жобалардың, Жолдаулардың және Нұрлы жер бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысып, ілкімді істің іркірмей іске асырылуын ескертті.
Мөлдір Асқарқызы
-
Елордаға газ қашан келеді
Тұтынушылар үшін түпкі баға астанада үш негізгі факторға байланысты түзіледі. Біріншісі – жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алу бағасы, ол бойынша батыс кен орындарынан, Теңіз газдан газ алу жоспарланған, сондай-ақ Ақтөбе кен орны топтамасы. Бағасын Энергетика министрлігі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетімен бірлесіп реттейтін болады. ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
20 Қараша 2019, 15:45
-
CSI: Елордада Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы таныстырылды
Жаңа экономикалық саясаттың тұжырымдамасы Стратегиялық бастамалар форумында таныстырылды. Іс-шараға қатысушылар аталған тұжырымдаманың тиімділігі мен оны жүзеге асырудың тетіктері туралы талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
20 Қараша 2019, 13:54
-
Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбінде салынатын ТОБЖ құрылысын ашты
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин және Әзербайжан Премьер-Министрі Али Асадов Ақтау қаласында өткен Каспий теңізінің түбінде екі ел арасындағы байланыстың талшықты-оптикалық желісін (ТОБЖ) салу бойынша «Trans Caspian Fiber Optic» (TCFO) салуды бастау салтанатты рәсіміне қатысты.
19 Қараша 2019, 17:43
-
Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын таныстырды
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй коммуналдық мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Аталған жобаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында таныстырып, осыған дейін жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталып өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
18 Қараша 2019, 11:11
-
Заманауи қазақ әдебиетінің араб тіліндегі антологиясы Каирде таныстырылды
Каирдегі Мысыр мәдениет істері жөніндегі жоғарғы кеңесінде қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасы антологиясының орыс тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті.
18 Қараша 2019, 09:56
-
Астанадағы проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау үшін 40 млрд теңге бөлінді
Елордадағы проблемалы обьектілер құрылысын аяқтау үшін "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында Ұлттық қордан 40 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Қараша 2019, 18:32
-
Шанхайда қазақстандық өнімдер таныстырылды
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қытайға сапары барысында Шанхайда өткен 2-ші Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
05 Қараша 2019, 10:27
-
Қ.Тоқаев «Алматы – 2050» даму стратегиясымен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы – 2050» даму стратегиясымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
29 Қазан 2019, 12:30
-
Елордада 24 елдің 300 компаниясы өз өнімдерін таныстырды
Елордада «KazAgro-2019» және «KazFarm-2019» атты халықаралық көрмелер өз жұмысын бастады. Он жыл ішінде аталған көрмелер өздерін еліміздегі ең ірі халықаралық,агроөнеркәсіптік форум ретінде көрсетіп үлгерді. Көрме туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
23 Қазан 2019, 12:49
-
Ө.Шөкеев Түркістанның құрылыс нысандарын аралады
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістандағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Аймақ басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.
22 Қазан 2019, 17:49
-
Мәжілісте Халық денсаулығы туралы Кодекс таныстырылды
Мәжілісте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасының жаңа редақциясы мен оған ілеспе Заң жобасы таныстырылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
17 Қазан 2019, 12:22
-
Мәскеуде заманауи қазақ әдебиетінің орыс тіліндегі антологиясы таныстырылды
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасы антологиясының орыс тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті.
16 Қазан 2019, 11:56
-
«Сарыарқа» газ құбырының құрылысы аяқталды
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Сарыарқа» газ құбырының «алтын бөлігін» дәнекерлеу рәсіміне қатысты, құбырдың желілік бөлігінің құрылысы ресми түрде аяқталды. Газ құбырының жалпы ұзындығы 1061,3 км құрайды және 171 елді мекенді қамтиды. Жобаның құны – 267,3 млрд.теңге.
09 Қазан 2019, 17:22
-
А.Көлгінов құрылыс компанияларының жұмысын сынға алды
«Nur Otan» партиясының қалалық филиалында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың төрағалығымен елорда тұрғын үйлерінің жағдайы мен пәтер иелерінің кооперативіне қатысты тұрғындардан келіп түскен шағымдар бойынша өзекті мәселелер қаралды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
01 Қазан 2019, 15:43
-
Британияда заманауи қазақ әдебиетінің ағылшын тіліндегі антологиясы таныстырылды
Британия кітапханасында (Лондон, Ұлыбритания) қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасы антологиясының ағылшын тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz.
26 Қыркүйек 2019, 09:29
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды