- Басты
- Таныс шекарадағы трансшекаралық өзендер мәселесі (2-бөлім)
Таныс шекарадағы трансшекаралық өзендер мәселесі (2-бөлім)

Қытайлық көзқарас
Жалпы, Қазақстан мен Қытайдың территориясынан 23 трансшекаралық өзен өтеді. Қос мемлекет су дефицитіне ұшыраған, сондықтан трансшекаралық өзенді тиімді пайдалануды көздейді. Оған әр тараптың объективті себептері де бар. Қытайдың шығысы мен оңтүстігінде үлкен өзендер ағып жатқанымен, батыс аймағында су тапшы. Екіншіден, судың ластану деңгейі өте жоғары. Дегенмен, бірнеше мемлекеттен өтетін ірі өзендердің бастауы Қытай территориясында жатыр. Қытай осы артықшылықты тиімді пайдаланады:
1998 жылы ҚХР ШҰАА басшылығы «Қара Ертіс - Қарамай» каналының құрылысын бастап, Ертіс аңғарынан 450 миллион м3 су алып отыратынын және бұл көрсеткішті 1,5 миллиард м3 жеткізетінін хабарлады. Оның үстіне 2017 жылы «Petro China Xinjiang Oil Field» мұнай компаниясы Жоңғар ойпатындағы Маху аймағында 1 млрд. тонна мұнай қорын анықтаған. Бұл әлемдегі мұнай қорларымен салыстырғанда ірі көрсеткіш
2007 жылы Іледен Балқашқа құйылатын су қоры жылына 12 млрд. м3 болса, қытайлықтар оны 10 млрд м3 дейін қысқартуды жоспарлаған еді. Сонымен қоса, Іле өзені аңғарында 13 су қоймасы мен 59 гидроэнергетикалық құрылғыны іске асыруда. Қытай гидроэнергетикалық өндірісі 2011 ж. 1060 Гвт болса, 2020 ж. қарай 1500 Гвт-қа арттырып, көмір мен табиғи газ импортын төмендету көзделген
«Батысты игеру» саясаты басталған соң, ішкі миграция есебінен Шыңжаң халқының саны артты. 2008 жылдың соңында көрсеткіш 21,3 млн.-ға жетті. Кейбір дерекке сәйкес, ШҰАА халқы 2030 жылға қарай – 33,5-40,6 млн.-ға барады. Яғни, Қара Ертіс пен Іленің суы Шыңжаңдағы халық тұрмысына кеңінен қолданылады.
Мұндай қадамдар өзендердің төменгі ағысындағы қазақстандық қоғамды алаңдатпай қойған жоқ. Ертістің суы тартылған жағдайда Зайсан көліне залалы тиіп, каналдар, Бұқтырма, Шүлбі су қоймалары деградацияға ұшырап, Балқаш көлі Аралдың күйін кешу ықтималдығы БАҚ-та жиі көтерілді. Себебі, Қазақстан да Еуразия құрлығындағы су тапшылығын кешіп отырған мемлекет. Республиканың жер бетіндегі су қорының 40 %-ы көршілес мемлекеттерден келіп құяды. Қазақстан су ресурстары жағынан көрші мемлекеттерге тәуелді.
Іле өзені
Қазақстан ұстанымы
Бүгінде Қазақстан-Қытай арасындағы(Ертіс пен Іле), Қазақстан-Ресей(Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Қиғаш, Қараөзен және Сарыөзен), Қазақстан-Қырғызстан(Шу мен Талас), Қазақстан-Өзбекстан-Қырғызстан-Тәжікстан-Түркіменстан (Амудария мен Сырдария) өзендері тиісті келісімдерге сәйкес реттеледі. Соңғысы бойынша Орталық Азиялық үйлестіру комиссиясы да жұмыс істейді. Бұл көпжақты ынтымақтастың жемісі деп есептейміз.
2017 жылы 23 наурызда Н. Назарбаев Өзбекстан Президентімен кездесуінде: «Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстары ортақ игілігіміз және бауырлас елдердің суды пайдалануына түсіністікпен қарауымыз қажет. Біз осы жұмысқа дайынбыз және ол ағыстың төменгі бөлігіндегі елдерге нұқсан келтірмеуі керек. Суды орынды қолданумен ондаған миллион халықтың тағдыры, аймақтағы тұрақтылық пен келісім, елдер арасындағы достық пен сенім тығыз байланысты» - деді. Қазақстан Президентінің бұл сөзі еліміздің шекара бойындағы барлық өзендерге қатысты ұстанымын білдірендей. Қазақстан трансшекаралық су ресурстары мәселесін халықаралық норма талаптарына сәйкес конструктивті диалог арқылы шешуді көздейді.
2013 жылы Қазақстан үкіметі салаға жауапты министрлік атауын «ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігі» деп ауыстырып, еліміздің су ресурстары қатаң қадағалауға алынды. Алайда бір жыл өткен соң, министрлік тарап кетті. Қазір су мәселесімен АШМ жанындағы трансшекаралық өзендер департаменті айналысады. Соңғы бес жылдағы Су ресурстары комитетінің жұмысын жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен министрліктің жауапты қызметкерлері бірнеше мәрте жемқорлық фактісімен құрықталды. Мамандардың сапасы тұтас мемлекеттің позициясын қорғауға, имиджін қалыптастыруға кедергі келтіреді.
Қытай – Трансшекаралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі Конвенция және Халықаралық су ағындарын пайдаланудың кеме жүзбейтін түрлерінің құқығы туралы конвенцияларына қосылудан бас тартқан мемлекет. Сондай-ақ, Қытай аймақтық ұстанымдарына сәйкес, келіссөздерді екіжақты форматтан шығармай келеді. Қазақстан Үкіметі мен сарапшы-ғалымдары трансшекаралық өзендер мәселесінің шешілу практикасын мұқият зерделеп, екіжақты келіссөздерде өз ұстанымын нақты дәлелдей білуі қажет.
Қоғам не дейді?
Соңғы жылдары белсенді айтылмағанымен, аталған тақырып ақпарат құралдарында жиі көтерілді. Шолу жасай отырып, отандық БАҚ-та Ертіс пен Іленің бөгелуі, оның елімізге әкелетін салдары жиі көтерілетінін байқаймыз. Қоғам қозғайтын сұрақ мынадай:
-Зайсан мен Балқаш көлдеріндегі су балансының бұзылуы;
-шеттен келетін өзен суындағы зиянды қалдықтың көбеюі;
-климаттың тұрақсыздануы;
-аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдың ушығуы;
-жағалаудағы елді-мекеннің сусыз қалуы;
-ауылшаруашылық түсімінің азаюы.
Алайда ҚХР ресми билігі мұндай алаңдаушылықты жоққа шығарып, көрші мемлекеттердің мүддесі ескерілетінін айтып келеді. Қытай СІМ Ван И ақпарат өкілдеріне: «Мен Қазақстан мен Қытайдың сенімді әріптес екендігін тағы да бір мәрте атап өткім келеді және Қытай трансшекаралық өзендер бойынша Қазақстан мүддесіне зиян келетін еш қадамға бармайды» - деп мәлім еткен болатын.
Басты себептің бірі – өзен суын пайдалану туралы ақпараттың жабықтығы. Алдағы уақытта ақпарат құралдары мен халық тарапынан сенімсіздік туып, трансшекаралық өзендерді рационалды пайдалану мақсатында:
-Трансшекаралық өзендер суын пайдалану мен қорғау мәселесін ШЫҰ, АӨСШК деңгейінде талқылау;
-Цифрлық Жібек жолы аясында халықаралық суларды экологиялық бақылау мен мониторингілеу бойынша жедел ақпарат алмасу;
-Ертіс, Іле өзендерінің ресурстарын пайдалану мен қорғау бойынша сапалық, сандық көрсеткіштерді ашық жариялау, комиссия жұмыстарын хабарлап отыру қажет.
Жібек жолының экономикалық белдеуі және 21 ғасырдағы Теңіздегі Жібек жолы
Қорыта сөйлегенде
Мемлекеттік шекараны шегендеу, трансшекаралық өзенді бірлесіп пайдалану ұзақ және көптеген кедергілермен орындалса да, қазақстандық дипломатияның үлкен жетістігі. Өйткені, Индия, Жапония, Оңтүстік Шығыс Азия елдері Қытаймен шекаралық және трансшекаралық сулар проблемасында бір шешімге келе алмай отыр. Қазақстан-Қытай ширек ғасырлық трансшекаралық талқылауында Қытай тарапы уақытты тиімді пайдаланғаны белгілі. Әрине, өзеннің жоғары ағысындағы мемлекет ретінде Қытай артықшылықтарға ие, бірақ ол төменгі ағыстағы елдің құқығына нұқсан келтірмеуі тиіс. Бұл ретте БҰҰ конвенциялары мен екіжақты келісімдер басшылыққа алынады. Қорғас өзені жағасындағы Халықаралық ынтымақтастық орталығы рухында екіжақты сауда байланысы ары қарай дамуы қажет.
Жібек жолының экономикалық белдеуі Қытайда басталып, Қазақстан арқылы Еуропаға беттейді. Экономикалық белдеуді бірлесіп құруда Қазақстан мен Қытайдың ортақ қызығушылықтары мен мүмкіндіктері көп. Сондықтан қос мемлекет трансшекаралық өзендерді айналып өте алмайды. Экономиканың кілті болған су ресурстары – «Экономикалық белдеудің» күретамыры. Қазақстан мен Қытайды жеңінен жалғап жатқан Ертіс пен Іле достық пен ынтымақтастықтың өзені болуы керек деп есептейміз.
Олжас Бейсенбаев
-
CSI: Елордада Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы таныстырылды
Жаңа экономикалық саясаттың тұжырымдамасы Стратегиялық бастамалар форумында таныстырылды. Іс-шараға қатысушылар аталған тұжырымдаманың тиімділігі мен оны жүзеге асырудың тетіктері туралы талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
20 Қараша 2019, 13:54
-
Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын таныстырды
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй коммуналдық мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Аталған жобаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында таныстырып, осыған дейін жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталып өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
18 Қараша 2019, 11:11
-
Заманауи қазақ әдебиетінің араб тіліндегі антологиясы Каирде таныстырылды
Каирдегі Мысыр мәдениет істері жөніндегі жоғарғы кеңесінде қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасы антологиясының орыс тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті.
18 Қараша 2019, 09:56
-
Шанхайда қазақстандық өнімдер таныстырылды
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов Қытайға сапары барысында Шанхайда өткен 2-ші Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
05 Қараша 2019, 10:27
-
Қ.Тоқаев «Алматы – 2050» даму стратегиясымен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы – 2050» даму стратегиясымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
29 Қазан 2019, 12:30
-
«Nur Otan» партиясында мемлекеттік тілді дамыту мәселесі талқыланды
«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен «Nur Otan» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуын талқылауға арналған отырысы өтті. Жиынға билеуші партия басшылығы, жауапты мемлекеттік органдар және шығармашылық пен ғылым өкілдерінен құралған зиялы қауым қатысты.
25 Қазан 2019, 15:41
-
Елордада 24 елдің 300 компаниясы өз өнімдерін таныстырды
Елордада «KazAgro-2019» және «KazFarm-2019» атты халықаралық көрмелер өз жұмысын бастады. Он жыл ішінде аталған көрмелер өздерін еліміздегі ең ірі халықаралық,агроөнеркәсіптік форум ретінде көрсетіп үлгерді. Көрме туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
23 Қазан 2019, 12:49
-
Мәжілісте Халық денсаулығы туралы Кодекс таныстырылды
Мәжілісте «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасының жаңа редақциясы мен оған ілеспе Заң жобасы таныстырылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
17 Қазан 2019, 12:22
-
Мәскеуде заманауи қазақ әдебиетінің орыс тіліндегі антологиясы таныстырылды
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасы антологиясының орыс тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті.
16 Қазан 2019, 11:56
-
Digital Bridge технологиялық форум аясында болашақта білім беру мәселесі талқыланады
Қазақстанның астанасында 2019 жылдың 24-25 қазанында жыл сайынғы «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтеді. Форумның басты қатысушылары - IT-компаниялар, кәсіпкерлер, сарапшылар, инвесторлар, сондай-ақ мемлекеттік және корпоративтік секторлардың өкілдері.
14 Қазан 2019, 17:45
-
Мемлекет әлеуметтік топтардың мәселесін шешу үшін жаңа әдіс-тәсілдер ұсынып жатыр – сарапшы
Еліміздегі әртүрлі әлеуметтік топтардың проблемаларын шешу мақсатында мемлекет жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды қолға алды. Әсіресе, көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі басты назарда. Үкімет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктер жөнінде "Мүгедек жастар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Әбдімомыновтың пікірін білген едік. Ол мемлекеттің әлеуметтік топтардың мәселесін шешу үшін жаңа әдіс-тәсілдер ұсынып жатқанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
09 Қазан 2019, 18:05
-
Үкіметте әуе билеттерінің бағасын төмендету мәселесі қаралды
Осы жылғы 8 айының қорытындысы бойынша қызмет көрсетілген жолаушылар саны 6,3%-ға өсті, 5,6 млн. жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 1,8%- ға артық.Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Азаматтық авиация мәселелері бойынша өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
07 Қазан 2019, 14:36
-
Қазақстан-Корея ынтымақтастығын нығайту мәселесі талқыланды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев пен Оңтүстік Кореяның Сауда, индустрия және энергетика вице-министрі Ким Йонг-Рэ мырза үкіметаралық комиссия отырысы және президент Мун Чжэ Инның Қазақстанға сапары, сондай-ақ "Самал жел" экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде қол жеткізілген келісімдерді орындау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысына қатысты,деп хабарлады Strategy2050.kz.
27 Қыркүйек 2019, 16:24
-
Британияда заманауи қазақ әдебиетінің ағылшын тіліндегі антологиясы таныстырылды
Британия кітапханасында (Лондон, Ұлыбритания) қазіргі қазақ поэзиясы мен прозасы антологиясының ағылшын тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz.
26 Қыркүйек 2019, 09:29
-
Нұр-Сұлтанда Әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу кодексінің жобасы таныстырылды
ҚР Әділет министрлігі Жоғарғы Сотпен бірлесіп Әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу кодексінің жобасын әзірледі. Жобаның таныстырылымын ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев жасады, деп хабарлады Strategy2050.kz.
25 Қыркүйек 2019, 15:44
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды