- Басты
- Жаңалықтар
- Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға нық ниеттілі, сонымен бірге ЕО өңірдің қауіпсіз, тұрақты және орнықты дамуына қолдау көрсетуге бекем екендігін жалғастырады. Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында Еуропалық Одақ-Орталық Азия форматында өткізілген Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінің жалпы лейтмотиві осы болды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Бұл іс-шараға Қазақстан делегациясын Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов басқарып келді. Кездесуге Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлері және Түркіменстан Сыртқы істер министрінің орынбасары және Еуропалық Одақ делегациясын ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі - Еурокомиссияның вице-президенті Фредерика Магерини қатысты.
Еуропа тарапы 15 наурызда Астанада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бірінші жұмыс (консультативті) кездесуінің жемісті қорытындысы жөнінде хабардар етілді.
Еуропалық Одақ Орталық Азия мемлекеттері үшін сыртқы саяси және сауда-экономикалық және инвестициялық басты әріптестердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары олардың арасындағы диалог пен ынтымақтастық жаңа қарқын ала бастады. Өз кезегінде жыл сайын өтетін Министрлік конференциялар алаңы ынтымақтастықтың өзекті сұрақтары мен болашақ перспективаларын іс-жүзіндегі жазықтықта талқылауға жақсы мүмкіндік бере отырып, өзара іс-қимылды тереңдетуге елеулі үлес қосуда, деп атап өтті ведомстводан.
Жиынға қатысушылар Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы екіжақты қатынастың жай-күйін жан-жақты қарап шығып, өңірішілік өзара іс-қимылдың оң динамикасына қошемет көрсетті. Өңірдегі соңғы оң үрдістердің Еуропалық Одақ пен өңір арасындағы ынтымақтастық үшін кең перспективалар ашатыны ерекше атап өтілді.
Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айқындап берген рухани жаңғыруға бағдарланған бағдары Еуропалық Одақпен өмір тіршіліктің түрлі салаларында ынтымақтастық бағытта жаңа көкжиектер ашатынын атап өтті.
Тараптар өңірлік қауіпсіздік, өңірдің экономикалық дамуы және ЕО-ОА кең форматтық өзара іс-қимылының, соның ішінде Орталық Азия бойынша қазіргі кезеңде жаңартылудағы ЕО стратегиясының шеңберінде ынтымақтастықты тереңдетудің басымдылығын жалпы түсінуге бекінді.
«Қазақстан Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша Стратегиясын жаңарту жөніндегі ЕО шешімін қолдайды және жақын арада жаңа құжаттың негізгі элементтеріне қатысты өз пікір-ойларын еуропалық тарапқа жолдайдын болады», - деп атап өтті ведомство басшысы.
Бағдарламалық құжат 2019 жылдың ортасына дейін дайындалып, бекітіледі деп күтілуде.
Кездесу барысында қазақстандық тарап осы мақсаттарға қол жеткізу үшін ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын жаңғыртуды, нақты мақсаттар мен көрсеткіштерді анықтауды, жаңа инструиентарилер енгізуді ұсынды. Жаңа жаһандық үрдістер мен өңірлік қажеттіліктерді есепке ала отырып, адам капиталын дамыту, құқық жоғарылығын және мемлекеттік басқару сапасын қамтамасыз ету, жеке кәсіпкерлікті дамыту, соның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін ілгерілеуіне көмектесу, баршасын қамтитын цифраландыруды алға бастыру, көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту, энергия тиімділігі мен жасыл технологияларды енгізу, қоршаған ортаны қорғау жалпы басымды бағыттар ретінде аталынды.
Өңірлік қауіпсіздік және Ауғанстанға көмек көрсету мәселелеріне айрықша ден қойылды. Өңірдегі орнықты қауіпсіздік оның болашақ гүлденуімен ажырамас байланыста екендігі айрықша атап өтілді.
«Қазақстанның 2018 жылдың қаңтарында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі барысында Орталық Азия елдерінің бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижесінде Ауғанстанға қатысты қалыптасып кеткен орнықсыздық көзі деп қарау қатынасынан кетіп, керісінше сауда мен «өзарабайланыстылық» тұрғысынан өңірдің дамуы үшін үлкен мүмкіншіліктің қайнар көзі деп қарастыруға қол жеткізілді. Бұл тұрғыда 2010 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан білім беру бағдарламасы оң бағасын алды», -делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда ауған қыздарын Қазақстанда оқытуға бағытталған жаңа көпжақты жобаның бірінші фазасын іске қосу еуропалық әріптестермен пысықталуда. Ташкенттегі министрлік кездесу Орталық Азия елдері мен ЕО арасында өзара ықпалдасуды дамытудағы кезекті маңызды қадам болды. Тараптар талқыланған тақырыптар кешені бойынша өзара түсіністікке қол жеткізді және ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша бірлескен күш-жігердің маңыздылығын растады.
Айта кетейік, қатысушылар ЕО-Орталық Азия форматындағы тұрақты кездесулер сындарлы диалог пен өзара тиімді ынтымақтастыққа деген өзара мүдделіліктің барлығы рас екендігі жөнінде бір пікірге келді. Осы форматтағы бұдан бұрынғы кездесу 2017 жылдың қараша айында Самарқанд қаласында өтті. Оның қорытындысы бойынша ынтымақтастықтың негізгі жетістіктері мен перспективалық бағыттарын көрсетілген Бірлескен коммюнике қабылданды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады