• Басты
  • Жаңалықтар
  • Шетелдік компаниялармен бірігіп жобалар мен инжинирингтік орталықтар құру қажет - Мемлекет басшысы

Шетелдік компаниялармен бірігіп жобалар мен инжинирингтік орталықтар құру қажет - Мемлекет басшысы

17 Қаңтар, 2014 14:25
ҚР-да шетелдік компаниялармен бірігіп жобалар мен инжинирингтік орталықтар құру қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы барысында Қазақстан халқына арналған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Ғылымды қажет ететін экономиканы құру, бұл бірінші кезекте қазақстандық ғылым потенциалын көтеру болып табылады. Аталмыш бағыт бойынша вечурлық қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау және ғылыми жұмыстарды коммерцияландыру бойынша заңнамаларды жетілдіру керек», - деді қР Президенті Н.Назарбаев.


Осыған орай, Мемлекет басшысы Үкіметке ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін сәйкес жобаларды әзірлеуді және Парламент қарауына ұсынуды тапсырды. 


«Ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңмен ұлғайту үшін нақты жоспар қажет. Шетелдік инвестицияларды біздің елге білім мен жаңа технолгияларды трансферттеу үшін толығымен қолдану керек. Шетелдік компаниялармен бірігіп жобалық және инжинирингтік орталықтар ашу қажет. Еліміздегі мұнай, газ, металлургия кен орындарында жұмыс істейтін трансұлттық компаниялар бар, оларға компаниялар сервисіне қызмет көрсететін өндірістер ашқызуымыз керек», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

 

Барлық жаңалықтар