- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев Владимимр Путинді РФ Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады
Нұрсұлтан Назарбаев Владимимр Путинді РФ Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Владимир Путинді Ресей Федерациясының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.
Нұрсұлтан Назарбаев сайлаудағы айқын жеңіс Владимир Путиннің өз елін дамытуға және оның ұлттық мүдделерін ілгерілету ісіне қосқан зор үлесін Ресей халқының тағы да жоғары бағалағанының дәлелі болып саналатынын атап өтті.
«Сіздің тиімді басшылығыңыздың арқасында Ресей ауқымды саяси және экономикалық реформалар жүргізу, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру, жаһандық және өңірлік өзекті проблемаларды шешу арқылы сенімді түрде алға басып келеді. Елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың жарқын мысалы болып отырған дәстүрлі достық пен тату көршілік қатынастарды дамыту ісіне қосқан Сіздің жеке үлесіңізді ерекше атап өткім келеді.Қазақстан екі ел халықтарының мүддесі үшін Ресеймен екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да байланыстарды кеңейту ісін жалғастыруды көздеп отыр. Мен сенім мен өзара түсіністікке негізделген достығымызды қадірлеймін әрі оны жоғары бағалаймын.Біздің бірлескен жұмысымыз алдағы уақытта да көпқырлы ынтымақтастығымыздың барлық мәселелері бойынша Астана мен Мәскеудің табысты диалогының берік негізі болып қала беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге зор денсаулық, амандық және жауапты мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер, ал достас Ресей халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
COVID-19: Вакцина алғандар қайта вирус жұқтыруы мүмкін бе -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Эксклюзив: Қырғыз республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат -
Жаңа әліпби: «Бұл әліпбиді орфографиялық жұмыс тобының 95%-ы қолдады» -
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек