Н.Назарбаев Үкіметке АӨК жоспарлау мен дамытуды түзетуді тапсырды

17 Қаңтар, 2014 14:17
Бүгін Н.Назарбаев ҚР Парламентінің қос палатасының біріккен отырысында Үкіметке елдегі агроөнеркәсіптік кешенді жоспарлау мен дамытуды түзетуді тапсырды.

«Қазақстанның кең байтақ жері жүздеген миллион гектарға дейін жетеді. Алайда су тапшылығынан оны қолдануға мүмкіншілік  аз. Сол үшін біз елдің әр аймағында болған құдықтарды қайта қалпына келтіріп, осы саланы дамытуымыз керек. Агрохимикаттарды тиімді қолданудың кешенді шараларын, құрғап қалған жерлерде заманауи технологияларды қолдану керек», - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, «жасыл» экономикаға өтудің Тұжырымдамасына сай, 2030 жылға қарай егістік алқаптың 15 пайызы су үнемдеу технологиясына өтетін болады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы аграрлы ғылымды дамытудың қажеттілігін, сынақтық агроинновациялық кластерлерді құрудың керектігін айтты.

«Табиғи азық-түлікі өндірумен қатар құраққа төзімді және гендік модификацияланған саланы дамыту қажет. Аталмыш міндеттемелерді ескере отырып Үкіметке агроөнеркәсіптік кешенді жоспарлау мен дамытуды түзету тапсырамын», - деді Елбасы.

 

 

Барлық жаңалықтар