- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Жаңғыру жолы» атты жастардың жаңа қозғалысы пайда болды
Астанада «Жаңғыру жолы» атты жастардың жаңа қозғалысы пайда болды
Іс-шараға сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, республикалық жастар бірлестіктерінің және ҚХА жастар қанатының басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары қатысты.
« Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуіндегі: «Өсіп-өркендеп келе жатқан Қазақстан дегеніміз – ең алдымен өз-өзіне сенімді, мемлекеттің қорғауы мен қолдауын сезінетін, сондай-ақ оған лайықты түрде және патриотизм арқылы жауап беретін адамдар екеніне нық сенімдімін», - деді Г.Әбдіқалықова.
Бұл бастамалар «әлеуметтік мемлекет» туралы конституциялық норманы нақты жаңа мазмұнмен толықтыра түседі. Олардың жүзеге асырылуы ұлттық әл-ауқатты арттыруға, әлеуметтік бірлікті нығайтуға септігін тигізеді.
Мемлекеттің жалпы табыстылығы көбінесе өзгерістер үштағанының өзегі болып табылатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуына байланысты болмақ.
Гүлшара Әбдіқалықова аталған бағдарламаның біраз уақыттан соң ел дамуының барысын айқындауға тиіс жастарға арналғанын айтты.
Сондықтан «Жаңғыру жолы» қозғалысының құрылуы Қазақстанның стратегиялық бағытына жастардың шынайы қолдау білдіруінің дәлелі болып табылады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыруға үлес қоса алатын белсенді жастардың басын біріктіру Қозғалыстың негізгі миссиясы болуға тиіс.
Конференция барысында қатысушылар Президенттің бес әлеуметтік бастамасын, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының негізгі бағыттарын талқылап, «Жаңғыру жолы» қозғалысының 2018-2020 жылдарға арналған стратегиясын және басқа да құжаттарды бекітті.
Конференция соңында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының жолы даңғыл, табысты әрі креативті болуына тілектестік білдірді.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары