- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың дамып келе жатқанын және оны әрі қарай нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.
« Қазақстан Корея Республикасымен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Елдеріміз арасындағы тауар айналымының көлемі екі миллиард долларға жуықтады. Сіздердің тауарларыңыздың біздің елге Ляньюньган порты арқылы келіп жатқаны қуантады, онда біздің логистикалық терминалымыз бар. Қазақстан Кореямен жаңа және цифрлық технология, индустрияландыру, медицина және басқа да салаларда ынтымақтастық орнатуға ниетті», – деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы парламентаралық қарым-қатынастарды нығайтудың және оларды дамытудың маңыздылығына назар аударды.
Чон Се Гюн кездесуге және екіжақты қатынастар мәселесін талқылауға мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.
Ұлттық Ассамблея спикері Астананың қарқынды дамып келе жатқанын айтып, Қазақстанда өткен жаһандық іс-шаралар – Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі мен Дүниежүзілік XXVIII қысқы универсиадаға жоғары баға берді.
Чон Се Гюн екіжақты байланыстың стратегиялық сипатта дамып келе жатқанына тоқталып, «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсаттарына жету жолында Корея Қазақстанға серіктес болуға дайын екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, Ұлттық Ассамблея спикері өткен ғасырдың 30-жылдарында Қазақстанға жер аударылған этникалық кәрістерге көмек қолын созып, қолдау көрсеткені үшін еліміздің халқына алғыс білдірді.
Сонымен қатар Чон Се Гюн Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің спикері Н.Нығматулинмен кездесіп, екі ел парламенттері арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанын айтты.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады
-
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы
-
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі
-
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы
-
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды
-
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі
-
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары
-
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды

