• Басты
  • Қазақстанда жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтар 13%-ке төмендеді
13 Наурыз, 2018 12:47

Қазақстанда жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтар 13%-ке төмендеді

Қазақстанда жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтар 13%-ке төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов хабарлады.
Қазақстанда жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтар 13%-ке төмендеді

Жалпы, бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық баяндаманың жобасы қабылданды. Жобамен таныстырған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов оның әр тарауына кеңінен тоқталды.

Сонымен, Саян Ахметжановтың айтуынша, Ұлттық баяндаманың жобасы бес тараудан тұрады және елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттарды, мәселелер талдауынан, сондай-ақ еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.

Бірінші тарауда 2015–2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның бірінші кезеңін іске асыру қорытындылары шығарылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ұлттық моделінің негізгі бағыттары ашылған.

Екінші тарауда ресми құқықтық статистикаға, сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін әлеуметтік бағалауға, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың зерттеу нәтижелеріне негізделген Қазақстандағы жемқорлықтың жай-күйі мен үрдістеріне талдау жасалады.

Биыл Қазақстан сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша елдер рейтингінде 31 балл жинап, 122-орынды иеленді, көрсеткішті 2 баллға және 9 орынға жақсартты.

«Мұндай нәтижелерге жету, соның ішінде 30 баллдық шектік мәннен асу жемқорлық деңгейі жоғары елдердің санатынан шығуға мүмкіндік берді», — деді С. Ахметжанов.

Ал, үшінші тарау аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық әсері ұсынылған.

Төртінші тарауда азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік саясатына қатысуы, сондай-ақ қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті алға жылжыту мәселелері талқыланады.

Соңғы тарау сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен заңнаманы одан әрі дамытуға, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық стандарттарды енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жобалық менеджментті енгізу және 2018–2020 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру Жоспары жобасының бірқатар шараларына арналған.

«Ұлттық баяндамада келтірілген талдаулар көрсеткендей, табыстың негізгі факторларының бірі – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын заңнамалық түрде қамтамасыз ету және ең озық шетелдік тәжірибе мен әлемнің жоғары стандарттарын ескере отырып, жемқорлықтың алдын алу бойынша жаңа тиімді институттарды құру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте негізгі басымдық жүйелі профилактикалық жұмысқа және сыбайлас жемқорлықты ескерту жөніндегі тиімді шараларды іске асыруға берілген», — деді ол.

Қазақстандағы жемқорлық жағдайына тоқталатын болсақ, оның деңгейінің төмендеп жатқанын жемқорлық бойынша құқықбұзушылықтардың  13%-ке азайғаны дәлелдей түседі (2807 ден 2452 дейін жемқорлық қылмыстары тіркелген. Сонымен қатар, көптеген әлеуметтік зерттеу институттарының жүргізген сауалнамасына сәйкес жемқорлықты қолдамайтындар саны артқаны байқалады. 

Гүлтай Хасенова 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды