- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президенті Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездеседі
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдерінің басшыларымен кездеседі
Мемлекет басшысы биылғы 13 наурызда Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чон Се Гюнмен кездеседі.
Ал 14 наурызда Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар аясында мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі екіжақты, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды.
15 наурызда Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы басшыларының жұмыс (консультативтік) кездесуіне қатысады. Бұл туралы саясаттанушы Ерлан Қарин фейсбуктегі парақшасында түсіндіріп өтті.
«Қазір аталмыш кездесуге белсенді дайындық жүргізілуде. Өтетін кездесу саммит деп аталмаса да, Меамлекет басшыларының жұмыс кездесуі мәртебесіне ие болады. Сондай-ақ, бұл басқосу өңірлік ынтымақтастыққа серпін береді, себебі көп уақыттан кейін ел көшбасшылары (ШЫҰ саммиті, ТМД сынды ) өзге алаңдарда емес, өзіндік бастамамен кездеспек. Бұл жиынның нақты мақсаты өңірлік ынтымақтастықтың институционалдығын ұйымдастыру болмаса да, Астанада өтетін кездесу ортақ өңірлік күн тәртібін жасауға, ортақ мәселелердің механизмін анықтауды құруға ықпал етеді», - деді Ерлан Қарин.
Бұл бес жақты келіссөздердің Орталық Азияның барлық елі үшін ортақ мереке – Наурыз мейрамы қарсаңында өтуінің маңызы зор.
Түрікменстанда жоғары деңгейдегі іс-шаралардың алдын ала жоспарлануына байланысты бұл елден Меджлис төрайымы А.Т.Нурбердыева ханым қатысады.
Сол күні Н.Назарбаев пен Ш.Мирзиёевтің қатысуымен Қазақстандағы Өзбекстан жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Сондай-ақ,16 наурызда Мемлекет басшысы Сирия жөніндегі Астана процесіне кепіл болатын министрлік деңгейіндегі бірінші кездесуге қатысушылар – Ресей, Түркия және Иран сыртқы істер министрлерімен жүздеседі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру