• Басты
  • Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саланы жақсартудың 5 бастамасын жариялады
5 Наурыз, 2018 12:46

Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саланы жақсартудың 5 бастамасын жариялады

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саланы жақсартудың 5 бастамасын жария етті.
Нұрсұлтан Назарбаев  әлеуметтік саланы жақсартудың  5 бастамасын жариялады

«Құрметті қазақстандықтар, Парламент мүшелері, Үкімет мүшелері және шақырылған қонақтар. Наурыз айының еліміздің тәуелсіздік күнтізбесінде ерекше орны бар екенін білеміз. Көктемнің алғашқы күнінде біз алғыс айту күнін атап өтеміз. Сонымен бірге Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы шуақты көктем айының еншісінде. Қымбатты әйелдер мерекесін де наурыз айында атап өтеміз. Осы ізгі оқиғалардың бәрі Қазақстан халқын біріктіре түседі. Рухани жаңғыру бағдарламасы да осыған бағытталған. Біз елдің бірлігі мен мемлекеттің сындарлы саясаты арқасында барлық сынақтан сіздерменен бірге өтіп келе жатырмыз. Ел иесі қазақ халқының маңында ұйысқан барша этнос мұны жоғары бағалайды», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы бүгінде Алматы, БҚО, Жамбыл және ОҚО-да «Қазақ еліне мың алғыс» атты монументтер бой көтергенін айтты.

«Осындай ізгі бастамалар халқымыздың кең пейілі мен дархан көңілін көрсетеді. Жақсылығын жадында сақтай білген елдің рухы қашанда биік. Бұл тек айтуға жәй сияқты болып көрінеді, ал біздің буын бастан кешкен оқиға. Тауар вагондарымен Солтүстік Кавхаздан, Шығыстан, өңкей босқындарды алып келіп, айдалаға тастап, әр үйге тықпалап, бала-шағамен қабылдаған біздің менің әкемнің жанұясы болғанын білесіздер. Сондықтан осылай этностардың бүгінгі күні ризашылығын білдіріп жатқаны қазіргі ұрпаққа ата-аналарының берген өсиеті деп санаймын, ол үшін баршаларына рахмет айтқанымыз жөн болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Отырыста  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «7-20-25» бағдарламасын іске қосатынын айтты.

«Мен «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Яғни, әрбір жұмыс істейтін қазақстандық  теңгемен ипотекалық займды келесі шарттармен  алу мүмкіндігіне ие болады.  Аталған бағдарлама бойынша ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 7 пайыздан аспайтын, бастапқы жарнама 20 пайызға дейін, мерзімі 25 жылға дейін болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Айта кетейік, бірлескен отырысқа ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Үкіметінің мүшелері толық құрамда, ҚР Президентіне тікелей есеп беретін және бағынатын орган басшылары, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар басшылары қатысты.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды