- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда «Reforms in Kazakhstan: An analytical View» атты кітаптың таныстырылымы өтті
Алматыда «Reforms in Kazakhstan: An analytical View» атты кітаптың таныстырылымы өтті
«Reforms in Kazakhstan: An analytical View» атты кітаптың авторы – Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, жоғары мектеп пен ғылым ісінің көрнекті ұйымдастырушысы, экономист ғалым Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашылық қоғамдастықтың, бизнес ортаның өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, сонымен қатар профессорлық-оқытушылық құрам және еліміздің студенттер қауымы қатысты.
Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағдарының маңызды басымдығының бірі – отандық ғылымды дамыту екенін атап өтті. Мемлекет басшысы бүкіл Тәуелсіздік дәуірі бойы ғылымға және ғалымдарға әрдайым қамқорлық жасап, елдегі академиялық және қолданбалы зерттеулерге жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.
Тәуелсіздік жылдары ғылыми қызметті басқарудың жаңа моделі, ғылымды қаржыландырудың заманауи тетіктері енгізілді. Мәселен, 2016 жылы 23 мың ғалым және 383 мекеме ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысты. Жалпы, бұл салаға 38 миллиард теңге жұмсалған.
Гүлшара Әбдіқалықова бұл монография тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан экономикасындағы маңызды мәселелерді талдауға арналғанын, сондай-ақ онда қоғамымызды дамытудың түрлі аспектілеріне қатысты автордың пікірі берілгенін атап өтті. Бұл еңбек Мемлекет басшысы ұсынған әрі бүкіл әлем үшін хрестоматияға айналған Қазақстан жолын ой елегінен өткізуге арналған.
Кітап тек біздің елде ғана емес, шет елдерде де кеңінен талқыланып, лайықты бағасын алды. Мәселен, Кембридж университетінің профессоры Сидхарт Саксен бұл еңбектің посткеңестік кеңістіктегі реформалар жөнінде нұсқаулыққа айналғанын атап өткен. Ал Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Александр Бузгалиннің ойынша, бұл басылым – барлық мемлекеттер өз тәуелсіздігінің бастапқы жылдарында тап болған жаһандық сын-қатерлерді еңсеру ережелерінің өзіндік бір жиынтығы.
Іс-шара соңында Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова академик К.Ә.Сағадиевке мықты денсаулық, бақ-береке, жаңа шығармашылық табыстар тіледі.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті