• Басты
  • Жаңалықтар
  • Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

2 Наурыз, 2018 19:44
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Баку қаласындағы өрт салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Бауырлас Әзербайжан халқының қайғысына ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», – делінген жеделхатта. 

 

Барлық жаңалықтар