- Басты
- Жаңалықтар
- Гүлшара Әбдіқалықова ҚХА-ның «Қайырымды көршілерге рахмет!» атты республикалық акциясын бастап берді
Гүлшара Әбдіқалықова ҚХА-ның «Қайырымды көршілерге рахмет!» атты республикалық акциясын бастап берді
Іс-шараларға Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, этно-мәдени және жастар бірлестіктерінің, аналар кеңесінің, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, сондай-ақ ғылыми-шығармашылық және зиялы қауым өкілдері, меценаттар, қуғын-сүргінге ұшырағандар мен Қазақстанға жер аударылғандардың ұрпақтары және баспасөз қызметкерлері қатысты.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында берген тапсырмаларын орындау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мультимедиялық порталы мен «Қазақстан халқы» интерактивті тарихи картасының таныстырылым рәсімдері жасалып, «Мың алғыс» атты салтанатты концерт өткізілді.
Концертті ашқан Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс айту күніне байланысты халыққа арналған құттықтау сөзін оқып берді.
Онда қиын-қыстау жылдардағы адамгершілік пен имандылық үстемдігінің жадымызда болуы Қазақстан халқын біріктіреді деп атап өтілген. Мейірімділік, өзара көмек пен бір-біріне деген құрмет барлық қазақстандықтар қастерлейтін әрі мақтан тұтатын достық пен ынтымақтың бірегей атмосферасын қазақтың киелі топырағында қалыптастыруға мүмкіндік берді. Өз отандастарымызға және туған өлкемізге деген шынайы алғыс сезімі осы мерекеге ерекше әрі терең мағына береді. Сондықтан Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен ел бірлігін нығайту.
Құттықтау сөзден кейін Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымды көршілерге рахмет!» атты республикалық акциясын бастап беріп, оның түрлі этнос пен дін өкілдерін, барлық қазақстандықтарды жақындастыра түсуге бағытталатынын айтты.
Мемлекеттік хатшы көрші отырған үйлер, аудандар, қалалар және өзге де елді мекендер тұрғындарының кездесулерін өткізуге шақырды. Бұл отандастарымыздың бір-бірімен танысып, жақынырақ білісуі үшін, көмектескеніне ризашылық білдіріп, өкпе-ренішті кешіру үшін және игі тілек айту үшін қажет.
Айта кетейік, Алғыз айту күні мерекесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 Жарлығымен бекітілді.
Алғыс айту күніне орай республика бойынша 3,4 мың елді мекенде 2,5 миллионнан астам адамның қатысуымен 10 мыңға жуық іс-шара өтеді. 19-23 ақпан күндері елімізде Қазақстан киносының апталығы өтті. Этномәдени бірлестіктер ақпан-наурыз айларында республикалық Достық үйлері базасында мерекелік іс-шаралар мен қайырымдылық акциялар өткізеді. Қазақстанда тұратын түрлі этностар мен жергілікті қауымдастық өкілдерін жақындастыруға бағытталған «Қайырымды көршілерге рахмет!» атты республикалық акцияның өткізілуі осы мерекенің биығы жаңа дәстүрі болып табылады.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші