- Басты
- Жаңалықтар
- Біз бүкіл елге Қазақстанда үш тілде білім алу қолдан келетін іс екенін көрсеттік - Н. Назарбаев
Біз бүкіл елге Қазақстанда үш тілде білім алу қолдан келетін іс екенін көрсеттік - Н. Назарбаев
Кездесу барысында Назарбаев Зияткерлік мектептері қызметінің негізгі нәтижелері мен олардың даму перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы еліміздің орта білім беру жүйесінде Назарбаев Зияткерлік мектептері ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
« Бұл мектептер барлығына үлгі болуы керек. Біз олардың тәжірибесін жаңа мектептер ашатын кезде ескеретін боламыз. 2008 жылдан бері Зияткерлік мектептерді 5660 оқушы бітірді. Олардың барлығы да үш тілді еркін меңгерген. Біз бүкіл елге Қазақстанда үш тілде білім алу қолдан келетін іс екенін көрсеттік», – деді Елбасы.
Күләш Шәмшидинова Нұрсұлтан Назарбаевқа Зияткерлік мектептердің оқытушы құрамын қалыптастыру мақсатымен жүргізілген жұмыстар жөнінде мәлімдеді.
« Осы жылдар ішінде Сіздің қолдауыңыздың арқасында көптеген жұмыс атқарылды. Бізде 2800 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 195-і – шетелдік оқытушылар, 183-і – «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша шетелдің жетекші оқу орындарында және Назарбаев Университетінде білім алған түлектер. Бүгінде бізде 4 доктор, 22 ғылым кандидаты және 719 магистр сабақ береді», – деді К.Шәмшидинова.
Сонымен қатар білім беру мекемесінің басшысы оқушылар контингентін қалыптастыру конкурстық негізде жүзеге асырылатынын және тек үміткерлердің қабілеттеріне байланысты анықталатынын айтты.
Кездесу соңында Елбасы Зияткерлік мектептер жүйесін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады