- Басты
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ еліміздің жоғары оқу орындары арасында жоғары рейтингке ие болып отыр – Н. Назарбаев
ҚазҰУ еліміздің жоғары оқу орындары арасында жоғары рейтингке ие болып отыр – Н. Назарбаев
Кездесу барысында университеттің ғылыми әлеуетін дамыту мәселелері және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдаудың басым бағыттарына сәйкес кадрлар даярлаудың барысы талқыланды.
Мемлекет басшысы университет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелерін атап өтіп, жаһандық экономикалық және технологиялық өзгерістер жағдайына бейімделген жас мамандарды оқыту ісіндегі жоғары оқу орындарының рөліне баса назар аударды.
« Сіз көп жылдан бері еліміздегі ең ірі және басты университеттердің бірін басқарып келесіз. Мұнда шетелден келіп оқитын студенттер бар. Университет еліміздің жоғары оқу орындары арасында жоғары рейтингке ие болып отыр», – деді Қазақстан Президенті.
Ғалымқайыр Мұтанов Нұрсұлтан Назарбаевқа университетті трансформациялау және оқу үдерісін заманауи талаптарға бейімдеу нәтижелері жөнінде баяндады.
« Біздің негізгі мақсатымыз – оқу орнын әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналдыру. Соған орай жетекші мамандар даярланып қана қоймай, ғылым мен инновацияны дамыту мәселесі де қамтылатын болады. Жалпы, университеттер инновациялық экономиканың драйвері болуға тиіс», – деді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры.
Ғ.Мұтанов Мемлекет басшысына ІТ және жаңа технологиялар саласындағы жобалардың іске асырылу барысы жөнінде мәлімдеп, оқу орнының базасында құрылған IT-технопаркі аясында университетаралық өзара ықпалдастықтың орнағанын айтты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ректорының мәліметіне сәйкес, бүгінде осы оқу орнындағы студенттердің 60 пайыздан астамы жаратылыстану ғылымдары бойынша білім алуда.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады