- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин Бүкіләлемдік Банк өкілдерін қабылдады
Н.Нығматулин Бүкіләлемдік Банк өкілдерін қабылдады
Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин аталған қаржылық институтпен қарым-қатынас орнаған 25 жыл ішінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Мәжіліс Спикері атап өткендей, осы уақыттар ішінде Қазақстанда 46 жоба қаржыландырылған, жоспарда тағы да 48 маңызды жоба бар.
2002 жылдан бері бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы қолға алынып келеді. Өткен жылы Қазақстан мен Бүкіләлемдік Банк арасында 2012-2017 жылдарға арналған әріптестік Стратегиясы табысты жүзеге асырылған. Мемлекетіміздің даму бағыты жайлы сөз еткенде Мәжіліс Төрағасы қазіргі уақытта Қазақстан Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы Жол» бағдарламасының маңыздылығына тоқталды.
Соның ішінде, әлеуметтік және энергетикалық инфрақұрылымдар, шағын және орта бизнесті дамытуға арналған басқа да ірі жобаларға айрықша назар аударды. Бүкіәлемдік Банк өкілі біздің еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне жоғары баға беріп, аталған Банк үшін Қазақстанмен бірлесе жұмыс жасау мақтаныш екенін жеткізді. Ал, Лилия Бурунчуктың пікірінше, Қазақстан – Бүкіләлемдік Банктің Орталық Азиядағы маңызды әріптесі және біздің елмен бірлескен жұмыс ең негізгі бағыттардың бірі.
Себебі бұл жерде ірі ауқымды жобалар іске асырылады. Кездесу барысында парламенттер ықпалдастығы мәселесі де назардын тыс қалған жоқ. Мәжіліс Төрағасының айтуынша, депутаттық корпустың заңнамалық жұмысында Банк мамандарының тәжірибесі мен біліктілігінің де оң әсері бар. Мәселен, ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру, саланы цифрландыру, сондай-ақ, инновациялық қаржылық тетіктерді енгізу мүмкіндіктері тақырыптарында пікір алмасудың маңыздылығы зор.
-
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
AntikorLive: Азия Даму банкінің Серіктестерінің «қара тізімге» ену себебі айтылды -
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
Қазақстандықтар үшін баспана алудың тиімді жолы қандай -
Ведомствоаралық комиссия мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады -
Биыл теңгенің құны 450-ден көтерілмеуі тиіс - сарапшы -
Тағы да локдаун енгізілсе, Қазақстан кәсіпкерлерінің көбі банкротқа ұшырайды – А. Мырзахметов -
Қазақстандықтар бүкіләлемдік «World cleanup Day» экологиялық акциясына қатысты -
Мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар мен судьялар шетелдік банктен шот аша алмайды – Расул Медетов
-
«Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» бағдарламаларының жүзеге асырылуы: жыл соңына дейін кімдер үй алады -
Тоқаев министрлерді қабылдады: сауда саласы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы есеп берілді -
Абайдың 175 жылдығына орай монеталар шығарылды -
Қазақстанда мемлекеттік бағдарламамен үй алу қалай жүріп жатыр