• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті Қазақстанда робот техникасы мен гендік инженерия салаларын дамытуды тапсырды

ҚР Президенті Қазақстанда робот техникасы мен гендік инженерия салаларын дамытуды тапсырды

17 Қаңтар, 2014 13:44
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында нано-ғарыштық технология мен робот техникасына көңіл бөлді.

«2050 жылға дейінгі қалған 37 жылды жеті бесжылдыққа бөлеміз. Оның әрқайсысы әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кірудің ортақ мақсатына қол жеткізудің мәселесін шешетін болады», - деді Н.Назарбаев.


Оның айтуынша, «екінші бесжылдық аясында мобильдік, мультимедиалық, нано-ғарыштық технологиялардың, робот техникасының, гендік инженерияның, болашақ энергиясын іздеу мен ашу салаларының негізін салу қажет».


«Қазақстандық бизнестің, оның ішінде,шағын және орта бизнестің дамуы үшін қолайлы жағдай жасау мемлекет жұмысының басты буыны болмақ», - деп ойын қорытындылады Н.Назарбаев.

 

Барлық жаңалықтар