- Басты
- Жаңалықтар
- Қателесіп немесе артық төленген медициналық сақтандыру төлемдерін қалай қайтып алуға болады
Қателесіп немесе артық төленген медициналық сақтандыру төлемдерін қалай қайтып алуға болады
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының мәліметінше, төлем жасалғанын растайтын құжаттар (стандартты анықтама немесе төлем құжатының көшірмесі) өтінішке қоса тігіледі. Мемлекеттік корпорация арызды келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде тексеріп, жарна мөлшерін, өсімақы бар-жоғын анықтайды.
«Содан соң өтініш төлем реквизиттерімен бірге Медициналық сақтандыру қорына жіберіледі. Қор артық немесе қателесіп төленген ақшаны жеті операциялық күн ішінде Мемлекеттік корпорацияның есеп-шотына аударады. Қаржы қайтарылмайтын болса оның себебін түсіндіретін мәліметтерді жолдайды»- делінген хабарламада.

Қазіргі таңда сақтандыру төлемдері жайлы мәліметті "электронды үкіметтің" egov.kz порталы арқылы алуға болады. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Цифрлық қолтаңбасы бар кез-келген азамат "жеке кабинетке" кіріп, МӘМС төлемдерінің қашан жасалғанын біле алады.
Хабарламаға сүйенсек, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, жүйе екі жылға кейінге шегерілді. Соған байланысты барлық жеке тұлғалар, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар 2020 жылға дейін жарна төлеу міндетінен босатылды. Ал, жұмыс беруші қарамағындағы жұмыскерлер үшін жарна төлеуді тоқтатпайды.
Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар тегін көмек алуға құқылы
Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар еліміздегі емханаларға ешбір кедергісіз тіркеле алады. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады.
Хабарламаға сүйенсек, аталған азаматтар кепілденірілген тегін көмек пакетіне кіретін медициналық қызметтің барлық түрлерін алуға құқылы. Мұндай норма ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" кодексінде бекітілген. Оның үстіне, әдетте Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар қазынаға ел тұрғындарымен бірдей салық төлейді.
Ал, елімізде уақытша тұрып жатқан шетел азаматтары болса тегін медициналық көмек пакетін толық пайдалана алмайды. Олар қоршаған ортаға қауіп төндіретін өткір аурулардан ғана тегін емделеді.
Бұған дейін хабарланғандай, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша кепілдік берілген тегін көмек пакетіне енетін қызметтер тізімі қайта қаралмақ. Оңтайландырудың негізгі мақсаты - болашақта мемлекет үшін тиімділігі төмен әрі шығыны көп диспансерлік жүйеден бас тартып, оның орнына созылмалы сырқаттарды қашықтықтан диагностика жасау және амбулаторлық емдеу тәсілдерін пайдалану арқылы емдеу жүйесіне көшу.
Мәселен, биыл Алматы қаласында мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге 171 медицина ұйымы ниет білдірген болатын. Оның 73-і - жеке меншік клиникалар. Осылайша, халыққа тегін қызмет көрсететін жеке меншік ұйымдар саны 2017 жылмен салыстырғанда 55 пайызға артып отыр. Олармен бекітілетін келісімшарттардың жалпы сомасы 84 млрд теңгеден асып жығылады.
Аягөз Құрмаш
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі