- Басты
- Жаңалықтар
- Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Мемлекеттік хатшыға Филиппин Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Карлос Д.Соррета, Чад Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Мбатна Банджанг, Эквадор Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Хулио Прадо Эспиноза, Экваторлық Гвинея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Хосе Эсоно Мича Акенг, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Риши Рам Гхимире, Аргентина Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Рикардо Эрнесто Лагорио, Мексика Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Бернардо Кордова Телло, Йемен Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Мохаммед Мотахар Алашаби сенім грамоталарын тапсырды.
Филиппин елшісімен әңгіме барысында Гүлшара Әбдіқалықова қазіргі кезде Қазақстан терроризмнен азат әлемге қол жеткізу үшін Мінез-құлық кодексін қабылдау жөніндегі Президент бастамасын ілгерілету жұмысын жүргізіп жатқанын айтты.
Мемлекеттік хатшы Чад елшісімен кездесуде Сахель бестік тобының қызметін терроризммен күрес жүргізудің маңызды тетігі ретінде атап өтті.
« Қазақстан алдына әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу міндетін қойып отыр. Біз технологияларды трансферттеу және шетелдік серіктестерімізді еліміздегі инновациялық жаңарулар ісіне тартуға мүдделіміз», – деді Г.Әбдіқалықова Эквадор елшісімен кездесуде.
Экваторлық Гвинея елшісімен кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова бұл елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2018-2019 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады. Мемлекеттік хатшы халықаралық терроризммен және зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен күрес жүргізу басым бағыттың бірі екенін атап өтті.
«Ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, туризм, банк ісі, көмірсутек шикізатын өндіру және тасымалдау ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары болып саналады», – деді Мемлекеттік хатшы Непал елшісімен әңгімелесу кезінде.
Аргентина елшісімен кездесуде Г.Әбдіқалықова Буэнос-Айрес қаласының 2023 жылы ЭКСПО көрмесін өткізу құқығын жеңіп алуымен құттықтады. Биылғы жолдауда Мемлекет басшысы Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында одан әрі дамуы жөніндегі міндеттерді айқындап берген еді. Осы орайда Мемлекеттік хатшы инновациялар мен цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытудың келешегі зор екенін атап өтті.
«Америка елдері арасында Мексика маңызды серіктесіміздің бірі болып саналады», – деді Гүлшара Әбдіқалықова осы елдің елшісімен әңгімелесу барысында.
Мемлекеттік хатшы ЭКСПО-2017 алаңындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Жасыл» технологияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық және БҰҰ қолдауымен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар, IT-стартаптардың халықаралық технопаркі жобалары бойынша ынтымақтасуға шақырды.
Йемен елшісімен кездесу кезінде Мемлекеттік хатшы бейбітсүйгіш мемлекет ретінде Қазақстан әскери сценарийдің өрістегенін құптамайтынын айтты. Біздің ел аумақтық тұтастықты, егемендікті және заңды түрде сайланған билікті құрметтеу қағидаттарын қолдайтынын атап өтті.
Рәсім соңында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық қызметтерінің басталуымен құттықтап, табыс тіледі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі -
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім -
Расул Жұмалы: Ұлттық сенім кеңесі 1,5 жылда реформа жасайтын күшке айналды -
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: Мемлекет басшысы көтерген өзекті мәселелер мен жаңа ұсыныстар -
Тоқаев: Ұлттық сенім кеңесі бір жылда маңыздылығын көрсете алды -
Ведомствоаралық комиссия мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады -
Тоқаев министрлерді қабылдады: сауда саласы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы есеп берілді -
Халықтың билікке сенімі COVID-19-ға қарсы күрес стратегиясының бір бөлшегіне айналу қажет - Садиева -
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады -
М.Әшімбаев: Парламент өткен сессияда 98 заң қабылдады
-
Тоқаев бейнебайланыс арқылы Тимур Құлыбаевты қабылдады -
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады -
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады