• Басты
  • Жаңалықтар
  • Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың ахуалын талқылады

Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың ахуалын талқылады

19 Ақпан, 2018 15:47
Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті,деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективасын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырды.

Барлық жаңалықтар