- Басты
- Жаңалықтар
- Премьер-Министр Президентке «Рухани жаңғыру» бойынша есеп берді
Премьер-Министр Президентке «Рухани жаңғыру» бойынша есеп берді
«Сіздің «Рухани жаңғыру» бағдарламаңызда айтылған тапсырмаларыңыз экономиканы жаңғырту процесстеріне маңызды идеологиялық қолдау көрсетіп отыр. Жастардың бойында болашақ қазақстандықтың сапасын тәрбиелеуге қатысты жаңа білім беру саясаты қалыптасуда. Мемлекеттік тілді латын әліпбиіне 2025-ші жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру бойынша Іс-шаралар жоспары дайындалды» - деді Үкімет басшысы.
Baq.kz хабарлағандай, Бақытжан Сағынтаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған арнайы жобаларға жеке-жеке тоқталды.
«Жаңа гуманитарлық білім» жобасының аясында 800 атаудан тұратын оқулықтар тізімі әзірленді. Олардың ішінде әлемдегі ең озық 17 гуманитарлық оқулық қазақ тіліне аударылып, жарық көрді. «Туған жер» жобасы аясында елімізде 700-ден астам іс-шара атқарылып, тағы да 300-ден астамы іске асырылуда. Меценаттардың есебінен 51 млрд теңгеден астам демеушілік көмек алынды. «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы бойынша жалпыұлттық маңызы бар 183 және жергілікті маңызы бар 520 нысан анықталды. Біріккен Ұлттар Ұйымының 5 тіліне дубляждалатын 4 фильмді түсіру жұмыстары жүруде. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары анықталды. Олармен Сіз өткен жылдың желтоқсан айында кездестіңіз. Төл мәдениетіміздің озық үлгілерін шетелдерде таныстыру үшін Тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық мәдениетіміздің ең үздік жетістіктері таңдап алынды» - деді Бақытжан Сағынтаев.
Фото: Baq.kz
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді