- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Үкіметтің өткен жылғы жұмысына оң баға берді
Елбасы Үкіметтің өткен жылғы жұмысына оң баға берді
Елбасы 2017 жылдың қорытындысы халыққа жарияланғанын айтты.
«Шынын айту керек, өткен жыл оңай жыл болған жоқ. Әлем мен ел экономикасы да аумалы-төкпелi болды. Дегенмен, Үкiмет пен әкiмшiлiктердiң бiрлесiп iстеген жұмысының арқасында менiң бағалауым бойынша дұрыс нәтижелерге жеттiк. Экономиканың өсуi 4 пайыз болуы, инфляцияның 7 пайыз төңiрегiнде болуы бiз үшiн алынған жаңа белес болып саналады. Сондықтан, мен бұл жағынан Үкiметтiң жалпы отырысына, әрбiр Үкiмет мүшелерiне оң бағамды берген дұрыс деп санаймын. Халық та солай деп ойлайтын шығар» - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Алайда, Президент жетістіктерге тоқмейілсіп отыра беретін уақыт емес екенін де ескертті.
«Дегенмен, бiз әр уақытта жетiстiктерiмiзге менменсiп отыра бермеймiз. Алдымызда мақсаттар көп. Бағдарламалардың орындалуының iшiнде кемшiлiктер бар. Оны әрине айтатын боламыз. Сондықтан, бүгiнгi жиналыс бiр жағынан өткен жылдың қорытындысын халыққа тағы да бiр жария ету, одан кейiн алдымызда тұрған мiндеттердi анықтау болып саналады. Жылдың басында келiсiп алып, биылғы жылда жұмысты қалай iстеуiмiз керектiгiн анықтау қажет. Биылғы Үкiметтiң алдына қойылып отырған 4 пайыз аз болады. Одан төмен түсiп кетуiмiз мүмкiн. Сондықтан өзiмiз, жеке басымыз алдымызға одан жоғары мiндеттер қоюымыз керек. Оның iшiнде бағдарламалардың орындалу мәселесi бар, оның iшiнде кемшiлiктер бар. Осы әңгiменiң төңiрегiнде бүгiн жұмыс iстейтiн боламыз» - дедi Мемлекет басшысы.
Фото: Baq.kz
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі