• Басты
  • Күштерді жұмылдыру ЕАЭО елдерінің жекелей дамуы үшін синергетикалық тиімділікті қамтамасыз етеді - Елбасы
2 Ақпан, 2018 14:49

Күштерді жұмылдыру ЕАЭО елдерінің жекелей дамуы үшін синергетикалық тиімділікті қамтамасыз етеді - Елбасы

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» халықаралық форумын ашу барысында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың шараға қатысушыларға арнаған сөзін оқып берді.
Күштерді жұмылдыру  ЕАЭО елдерінің   жекелей дамуы үшін синергетикалық тиімділікті қамтамасыз етеді  - Елбасы

 

 

«Құрметті форум қатысушылары, «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумына қош келдіңіздер. Әлемде жылдам әрі түбегейлі технологиялық өзгерістер дәуірі басталды.Тиімді цифрландыру шаралары ұлттық экономиканың қарқынды дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі факторына айналуда. Әлемнің озық елдері, олардың G-20 және Еуропалық Одақ секілді бірлестіктері өздерінің Цифрландыру бойынша стратегиялық құжаттарын қабылдады. Біздің Еуразиялық экономикалық одақ та 2025 жылға дейінгі Цифрлық күн тәртібін қабылдады.

Бүгінгі Форум аталған күн тәртібін іске асырудың маңызды қадамы. Ортақ нарықтың болуы цифрландыру мәселелерінде бірлескен тәсілдер мен шараларды әзірлеуді талап етеді. Күштерді жұмылдыру ЕуразЭҚ-тың тұтастай және әр елдің жекелей дамуы үшін синергетикалық тиімділікті қамтамасыз етеді. Бұл іс-шара қажетті шешімдерді әзірлеуге және ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін. Форумның барлық қатысушысына жемісті еңбек және алға қойылған мақсаттарына қол жеткізуді тілеймін», — делінген Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың хатында.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бастамасымен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» ЕАЭО форумы өткізіліп жатыр. 

Айта кетейік,  форумның басты мақсаты — ЕАЭО елдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, олардың цифрлық экономикаларын дамытуды жылдамдатуға, сондай-ақ елдің басымдықтары мен аймақтық интеграциялық трансформациялау негізінде дивидендтерді алу жолдарын табуға мүмкіндік беретін бірлескен шараларды әзірлеу.

Қайрат Жандыбаев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды