- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы өтіп жатыр
Алматыда «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы өтіп жатыр
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы өтіп жатыр, оның аясында инновацияларды және технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, базалық интеграциялық жобалар, Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік цифрландыру және ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелері талқыланады.
Форум жұмысына Арменияның Премьер-Министрі - К. Карапетян, Беларусьтің Премьер-Министрі - А. Кобяков, Қазақстанның Премьер-Министрі - Б. Сағынтаев, Қырғызстанның Премьер-Министрі - С. Исаков, Ресейдің Премьер-Министрі - Д. Медведев, сондай-ақ Әзірбайжан мен Тәжікстанның ресми делегациялары қатысады.Еске салсақ, 2017 жылғы қазанда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО мүше мемлекеттердің басшылары 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібінің негізгі бағыттарын бекітті, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕАЭО экономикасын цифрландыру бойынша арнайы кездесу өткізу туралы бастамасын қолдады.
Күннің екінші жартысында Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысады.Шағын құрамда цифрлық күн тәртібі мәселелерін, сондай-ақ ішкі нарықтың жұмыс жасауы шеңберіндегі қатысушы елдердің міндеттемелерін қарау жоспарланған. Кеңейтілген құрамдағы отырыста қатысушылар макроэкономикалық жағдайды және ЕАЭО мүше мемлекеттердің арасындағы өзара сауда жағдайын талқылайды, агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіп кешені дамуының ортақ болжамдарын және ЕАЭО мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін талқылайды.
Қайрат Жандыбаев
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді