- Басты
- Жаңалықтар
- Сараптамалық кеңес еліміздегі бизнес-климатты жақсарту мәселелерін талқылады
Сараптамалық кеңес еліміздегі бизнес-климатты жақсарту мәселелерін талқылады
Отырыс барысында Мемлекет басшысының іскерлік ахуалды жақсартуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және бизнес-процестерге азаматтардың қатысуын кеңейтуге бағытталған саясатын іске асыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, бәсекелі ортаға мемлекетке тиісті емес функцияларды беру тетіктері қаралды.
«Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж. Күлекеев және ҚР ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов елдегі өзін-өзі реттеу институтының қазіргі жағдайы мен оны дамыту перспективалары туралы баяндамаларымен таныстырды. Талқылауға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, «Сентранс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Е. Әбдіразақов, «Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О. Жандосов, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж. Ахметов, «Қазақстанның халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Ү. Шаяхметова, «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры М. Махмұтова, тәуелсіз сарапшы Д. Сәдуақасов қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасының «Өзін-өзі реттеу туралы» заңы қабылданды, ол ӨРҰ қызметтерін реттеу шегін анықтады.
Ал, 2000 – 2016 жылдары бәсекелі ортаға мемлекеттік органдардың 28 функциясы өткізілді.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды