• Басты
  • Цифрландыру аясында мемлекет пен халық арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтеріледі – сарапшы
18 Қаңтар, 2018 13:55

Цифрландыру аясында мемлекет пен халық арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтеріледі – сарапшы

Цифрландыру аясында мемлекет пен халық арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтеріледі, деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина ОКҚ-дағы 2018 жылдың Жолдауында көрсетілген міндеттерге арналған баспасөз конференциясында.

Цифрландыру аясында мемлекет пен халық арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтеріледі – сарапшы | Strategy2050.kz

«Азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу технологиясы ретінде Ашық үкіметті, оның ішінде Ашық диалог деген порталды атап өтуге болады. 2017 жылдың шілде айындағы мәліметтерге сәйкес, Ашық диалог порталының қызметін 680 180 қолданушы пайдаланған.  Азаматтардың сауалдары, ұсыныстары ең көп жіберілген 3 министрлік алдыңғы қатарда – Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктері. Бұл дегеніңіз басқару процесін ғана цифрландыру ғана емес, сонымен қатар  мемлекеттік пен халық арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге шыққанын білдіреді. Енді осы үрдісті аймақтық деңгейде де белсенді дамыту керек», - деді сөз басында Алуа Жолдыбалина.

БҰҰ мәліметі бойынша бүгінде 190 мемлекет қаржының автоматтандырылған басқару жүйесін енгізген,  179 – кедендік рәсімдеу үшін, 159 – салықтық әкімшілендіру. 148 цифрлық  идентификация жүйесін енгізген.

Сонымен қатар, сарапшы меморгандардың жұмысындағы әлеуметтік желілердің рөлін атап өтті.

«АСТ Казахстан» әлеуметтік зерттеу кампаниясының мәліметі бойынша Қазақстанның 70% тұрғыны әлеуметтік желіні пайдаланады. Қала тұрғындары —76%, ауыл тұрғындары — 61%. Бұл мәліметтер не білдіреді? Бүгінде мемлекеттік органдарға мемлекеттік органдар нақты уақыт және жедел жауап беру режимінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін үлкен мүмкіндіктер бар деген сөз», - деді маман.

Атап өтсек, бүгінде әлеуметтік желілер Интернеттегі ең жиі қолданушылар пайдаланатын ресурстар. Digital in 2017 жыл сайынғы есеп 2,8 миллиард адам әлеуметтік желіні кем дегенде айына бір рет пайдаланады, 2016 жылы әлеуметтік желіні пайданушылар саны 21% артқан. 2,5 миллиард адам әлеуметтік желіге ұялы телефон арқылы шығады, орташа есеппен күніне 2 сағат 19 минут өткізеді.  Әрбір секунд сайын әлеуметтік желіде 18 жаңа қолданушы пайда болады.

 

Мөлдір Асқарқызы

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды