- Басты
- Жаңалықтар
- Жолдау аясында ауылдың дамуына ерекше дең қою керек – сарапшы
Жолдау аясында ауылдың дамуына ерекше дең қою керек – сарапшы
«Жолдау аясында ауылдық жерлердің дамуына да ерекше назар аудары керек. Бұл ауыл шаруашылығы секторын жетілдіру арқылы іске асады. Агроөнеркәсіп кешеніне жаңа технологияларды еңгізу ауылды дамытуға серпін береді, сондай-ақ халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді сөз басында Слямжар Ахметжаров.
Сонымен қатар, сарапшы Қазақстанда агроөнеркәсіп саласын дамыту үшін орындау керек шарттарды атап көрсетті.
«Біріншіден, "жасыл" экономика технологиясы негізінде аграрлық өндірісті үдете түсу қажет. Бұл дегеніміз, ауыл шаруашылығында ақпараттық технологиялардың соңғы жетістіктерін қолдану керек деген сөз. Бұл егу мен тыңайтудың тығыздығын нақты есептеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, топырақ эрозиясының азайтуға мүмкіндік береді», - деді ол.
Слямжар Ахметжаров атап өткендей, екіншіден, жаңа үрдістегі, технологиялық және бизнес-процестерді оңтайландыратын, ауыл шаруашылық өндірісин арттырып, тиімді пайдаланатын аграрлық компанияларды қалыптастыру қажет. Яғни ауыл шаруашылық ұйымдарында, фермерлер, ғалымдар, компьютер мамандары, маркетологтар және басқалар бірлесіп жұмыс аткаруы тиіс. Осылайша өндірістік процестің, технологиялық, ақпараттық және әкімшілік тұрғыдан қамтамасыз етілуі ауыл шаруашылык ұйымының дамуына оңтайлы әсер етеді.
«Ауыл шаруашылығында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды дамыту қажет. Бұл инновацияларга бағытталған аграрлық бизнестерге гранттар бөлу аркылы іске асады. Сонымен қатар, Қазақстанда дәнді дақылдар өндірісинің дамуымен бірге мал шаруашылығын дамыту механизмін қарастыру қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жабдықтарын сапалы турде жаңарту мәселелерін қарастыру кажет», - деп түйіндеді сарапшы.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 10 қаңтарында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Мөлдір Асқарқызы
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары