- Басты
- Жаңалықтар
- Алматылық тағы бір бағытқа жаңа автобустар шығарылды
Алматылық тағы бір бағытқа жаңа автобустар шығарылды
Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаңалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Осыған орай, бүгін Евро-5 экологиялық сыныптағы жаңа автобустар №127 бағыт бойынша жолға шықты, деп хабарлады Алматы әкімдігінен.
Бұрын жеке тасымалдаушы қызмет көрсеткен осы бағыттағы автобустар ескі болғандықтан жолаушылар тарапынан көп сынға ұшырайтын.
«Бүгіннен бастап «Қазахфильм» және Қонаев көшесі, Райымбек даңғылы бойынша күн сайын 12 автобус қатынайды, интервалы алты минут. Төмен еденді 9,5 метрлі автобустар кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен, пандустармен және басқаларымен жабдықталған. Болжам бойынша жаңарған жылжымалы соства барысында бұл бағытта жолаушы легі жетіден 9,5 мың адамға дейін артады деп күтілуде», -делінген хабарламада.
Бұрындары №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаңа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта жаңарып, №201 магистральды бағыт және №1 бағыт ашылған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерді көлікпен толық қамту үшін 10 бағыт ашылған еді.
Жалпы, көлікті реформалау аясында Алматыда сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынған болатын, олардың 230-ы бағыттар бойынша жолда жүр, 160 жаңа автобус ақпан айының соңына дейін кезеңмен бағыттарға шығады. Жеке тасымалдаушылар да 254 жаңа автобус алды, олардың 91-і қала жолдарында қызмет көрсетуде.
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды