- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен АҚШ Жерді ғарыштық зонттау саласында серіктестік орнатты
Қазақстан мен АҚШ Жерді ғарыштық зонттау саласында серіктестік орнатты
Сонымен, ҚР ҚАӨМ Аэроғарыш комитеті мен АҚШ Ішкі ресурстар департаментінің АҚШ Геологиялық қызметі («USGS») арасында Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық технологияларды қолдану саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен кеңістіктік мәліметтер инфрақұрылымын дамытуға бағытталған Ниеттері туралы хатына қол қойылды.
Айта кетер болсақ, «USGS» Қазақстанда Іле-Балқаш ауданның су ресурстарының жағдайын бақылау жобасына қатысады. «USGS» қатысуымен LandSat – 7,8 спутниктен Астана қ. жерүсті кешеніне Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) мәліметтерінің қабылдануы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «USGS» Ғарыш және ірі апаттар бойынша Хартия аясында апаттар мен ТЖ бақылау процессіне қатысуда.
Бұдан басқа, ҚР ҚАӨМ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен геоақпараттық жүйелердің сапасы мен өнімділігін арттыратын ақпараттық технологиялардың жетекші әлемдік жеткізушісі «Hexagon Geospatial» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
«Меморандумның мақсаты Жерді қашықтықтан зондау қазақстандық ғарыштық жүйесінің тиімділігін арттыруға арналған заманауи геокеңістіктік ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдар саласындағы жақтардың ынтымақтастығы болып табылады», - делінген ҚР ҚАӨМ.
«Ғалам» ЖШС пен спутниктік байланыстың жерүсті инфрақұрылым саласындағы әлем көшбасшысы «iDirect» компаниясының арасында да ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Аталған Меморандум түрлі мақсаттағы спутниктік байланыс жүйелерін, сондай-ақ өзара қызығушылығын тудыратын басқа да өнімдер мен қызметтерін жасау кезіндегі жақтардың ынтымақтастығы мен өзара іс-әрекеттілігін көздейді.
Бұдан басқа, ҚР ҚАӨМ «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басшылығы «ESRI» компанияның өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында «ESRI» серверлік платформасын Қазақстан Республикасының ғарыштық бақылауында қолдану мүмкіндіктері, сонымен қатар ҚР ЖҚЗ жүйесінің ғарыштық суреттерін жүзеге асырумен байланысты мәселелер талқыланды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды