- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар әлеуметтік мәселелер бойынша WhatsApp арқылы кеңес ала алады
Қазақстандықтар әлеуметтік мәселелер бойынша WhatsApp арқылы кеңес ала алады
Ведомства мамандары Whats App мессенджері арқылы халықпен өзара тығыз қарым-қатынас орнатып, әрі әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша жедел ақпарат алмаса алады.
«Еліміздің азаматтары өздерін толғандырып жүрген зейнетақы, түрлі жәрдемақы, мүгедектікті тағайындау, көпбалалы отбасын қолдау, көші-қон және еңбек қатынастары жайында сауалдарға тікелей жауап алатын болады. Whats App мессенджерінің номері; +7 700 101 1414», -деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек.
Ол еске салып кеткендей, биыл министрлік келесі міндеттерді орындайды: жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу: базалық зейнатақы төлемдерін тағайындаудың механизмін қайта қарау; кәмелет жасына толған, бала кезінен І топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналарға қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізу; өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу; әлеуметтік қызмет жүйесін модернизациялау; мүгедектік бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамалық қызметті қайта форматтау; саланы цифрландыру, электронды еңбек биржасын енгізуді, электронды еңбек келісімдерді қамтамасыз ету және т.б.
«Егер аталған бастамаға ұсыныстарыңыз, сұрақтарыңыз бен толықтыруларыңыз болса, біз бігіріп талқылауға және кеңінен сұхбаттасуға әзірміз. Азаматтар өздерінің сұрақтарын Whats App мессенджеріндегі +7 700 101 1414 нөмеріне жолдауына болады», - деп атап өтті Нұрлыбек Жеңісбек.
Фото: ашық дереккөзден
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы