- Басты
- Шымкентте 288 отбасы баспаналы болды
Шымкентте 288 отбасы баспаналы болды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан тұрғын үйлердің иелеріне пәтер кілтін табыстады. Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 288 отбасы баспаналы болды. 9 қабатты тұрғын үйлердің құрылысын «Югстройсервис-Н» және «Шымкентстрой» ЖШС-і мердігер мекемелері жүргізген, деп хабарлады облыс әкімдігінде.
Облыс басшысы мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында елге беріліп жатқан тұрғын үйлер Елбасының халыққа деген қамқорлығының көрінісі екендігін атап өтті.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатының мақсаты - әрбір қазақстандық отбасын жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету. Елімізде соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс орталығын айтпағанда, өңірдің түкпір-түкпірінде тұрғын үйлер қарқынды бой көтеріп, жерлестеріміз жаңа пәтерлерге ие болуда. Міне бүгін мемлекеттік бағдарлама бойынша 288 пәтер өз иесін тауып отыр. Биылғы жыл бүгінгі пәтер иелері үшін қуанышты сәттен басталғалы отыр. Сіздерді қоныстарыңызбен құттықтаймын, шаңырақтарыңыз бақыт пен қуанышқа, бала күлкісіне толсын», - деді өңір басшысы.
Айта кетерлігі, 2017 жылы аумағы 625,789 мың шаршы метрді құрайтын жалпы саны 7500-ге жуық пәтер берілген. Оның ішінде 3 мыңнан астам пәтер «Бәйтерек» АҚ арқылы берілген арендалы тұрғын үйлер болса, 2285 пәтер жекеменшіктік есебінен алынған тұрғын үйлер. Бұдан өзге, жас отбасыларға арналған және сатып алу құқығынсыз берілетін арендалы, сондай-ақ кредиттік тұрғын үйлер бойынша 2161 пәтер берілген.
Фотосурет: ОҚО баспасөз қызметі
-
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары
-
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды
-
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды
-
Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды
-
Сайлау қорытындысы: Үш партияның Мәжілістегі мандаты белгілі болды
-
Шымкентте «Сайлау-2021: Саяси жаңғырудың жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті
-
Жаңа жағдайдағы неке мен отбасы мәселелері
-
«Nur Otan» съезі: Сайлауалды бағдарлама қабылданып, кандидаттар тізімі белгілі болды
-
Әлемдегі эпиджағдай: Румыниядағы өрттен 10 адам қайтыс болды, ал Австрия екінші рет ұлттық локдаун енгізді
-
Қазақстанда жаңа Халық партиясы пайда болды
-
Қазақстандықтар үшін баспана алудың тиімді жолы қандай
-
«Birgemiz» қорынан 70 мыңнан астам отбасы атаулы көмек алды
-
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді
-
Бюджетті игермеген мемлекеттік органдар белгілі болды
-
PRIMERIES-2020 қорытындысы: қандай заң бұзушылықтар болды

