• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарының Вице-Президенті Майкл Пенспен кездесті

Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарының Вице-Президенті Майкл Пенспен кездесті

18 Қаңтар, 2018 08:42
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Вице-Президенті Майкл Пенспен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Майкл Пенс Қазақстан мен АҚШ арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастарды нығайтып, одан әрі кеңейте түсудің маңыздылығын атап өтті.

Фотосурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Барлық жаңалықтар