- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Америка үшін маңызды әрі тұрақты серіктес болып келеді - пікір
Қазақстан Америка үшін маңызды әрі тұрақты серіктес болып келеді - пікір
А. Решетняк атап өткендей, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға жасаған сапары кезінде экономикалық аспект маңыздылардың бірі болды.
«2,5 миллиард долларға келісім жасалды. Сондай-ақ, тағы 5 миллиард долларға бірнеше құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Бұл келісімдер негізінен энергетика саласындағы ынтымақтастыққа әсер етеді, себебі бұл жерде АҚШ-тың мүдделері байқалады. Қазақстан үшін энергетикадан басқа, АҚШ пен ынтымақтас біздің жаңғыру контекстінде де өте маңызды. Мұнда біз үшін боингтердің жеткізілуі туралы келісім, сонымен қатар біздің электровоздарымызды жаңарту және қазақстандық агроөнеркәсіптік кешенді заманауи технологияларға сәйкес дамыту», - дейді ҚСЗИ зерттеушісі .
Анастасия Решетняктың айтуынша, біздің ел Америка үшін тұрақты серіктес болып отыр.
«Қазақстан үшін Америка Құрама Штаттары қаншалықты маңызды болса, Америка Құрама Штаттары үшін Қазақстан соншалықты маңызды екенін түсіну керек. Егер Американың стратегиялық құжаттарымен таныс болсақ, онда тек өткен жылдың желтоқсанында жарияланған АҚШ-тағы Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында Оңтүстік және Орталық Азия аймағының проблемалы екендігі айқын көрінеді. Олар үндістан-пәкістан қақтығысы, сондай-ақ Пәкістанның жеке проблемаларын және Ауғанстандағы бейбітшіліктің құрылуы және терроризм проблемаларын қамтиды. Бұл тұрғыда Қазақстан Америка үшін маңызды және тұрақты серіктес болып отыр», - деді спикер.
Қазақстан Ауғанстандағы бейбітшілік пен инфрақұрылымға қатысты АҚШ бастамаларын да қолдайды.
«Біз Ауғанстанға көрсетіп отырған көмек және Қазақстаннан ауған студенттеріне берілетін көп миллиардтық гранттар туралы айтуға болады. Екінші жағынан, АҚШ тәуелсіздік алғаннан бері ядролық қарусыздану жөніндегі біздің бастамаларды қолдайды », - деді А. Решетняк.
Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, Қазақстан Ресей мен АҚШ арасындағы күрделі қатынастарды орнатуды қолдайды.
«Қауіпсіздік кеңесінде және Президентіміздің Дональд Трамппен әңгімесінде тікелей Ресей мен Құрама Штаттар арасындағы күрделі қарым-қатынастарда медиатор болу сәтінде дәлелденді. Бұл екі ел де біздің еліміздің серіктестері болып табылады және осы елдермен ынтымақтастықты жалғастыру маңызды», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды. Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының Президенттері келіссөздер жүргізді, оның барысында екі жақты қатынастардың өзекті мәселелері және халықаралық күн тәртібі талқыланды.
Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді