- Басты
- Жаңалықтар
- АҚШ-пен жасалған келісім Қазақстанға «цифрландыру» бағдарламасын жүзеге асыруға көмектеседі – ӘЭСИ
АҚШ-пен жасалған келісім Қазақстанға «цифрландыру» бағдарламасын жүзеге асыруға көмектеседі – ӘЭСИ
Біріншіден, кеңейтілген стратегиялық серіктестікті орнату туралы ортақ саяси шешімдер қабылданды. Бұл биылғы жылы 26 жыл толатын екі ел арасындағы жемісті серіктестік одан әрі тереңдей түсетінін білдіреді.
«Астана үшін Вашингтон сыртқы саясаттағы негізгі серіктес әрі экономикадағы маңызды инвестор болып табылады. Өз кезегінде, Дональд Трамп атап өткендей, Америка қуатты, дербес және тәуелсіз Қазақстанды АҚШтың Орта Азиядағы сенімді досы әрі стратегиялық серіктесі ретінде қарастырады», - деп атап өтті ӘЭСИ-ден.
Бұл жерде экономикалық мәселені де атап өту қажет. Келіссөз қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында Мемлекет басшысы жалпы сомасы $7,5 млрд асатын 20 келісімшартқа қол қою көзделгенін атап өтті. Астана АҚШпен жоғары технологиялар мен инновациялық өндірістер трансферті бойынша байланысты дамытуға мұқтаж екені жасырын емес. Бұл тұрғыдан алғанда, жаңа келісімдер Қазақстанға экономикадағы «цифрландыру» мәселесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп сеніммен айтуға болады.
Екіншіден, Д. Трамп пен Н. Назарбаев АҚШ пен Қазақстанның халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті күшейту бойынша ортақтаса әрекет ететіндіктерін растады.
«Бұл Қазақстан мен АҚШ күштерін Ауғанстан бойынша біріктіруді білдіреді. Сонымен бірге, Қазақстан антитерроризммен күрестегі АҚШтың табандылығын қолдайтынын мәлімдеді. Екі ел басшылары солтүстік Кореядағы ядролық мәселе бойынша ортақтаса жұмыс істейтіндіктерін де атап өтті», - делінген Институттың хабарламасында.
Үшіншіден, Қазақстан мен АҚШ «С5+1» аймақтық диалог алаңы аясындағы серіктестік дамыту туралы келісімге келді. Бұл тұрғыдан алғанда аталмыш алаң жұмысынан жаңа бастамалар күтуге болады.
Жаңа әкімшілік өз жұмысын бастап, Д. Трамптың «Алдымен Америка» деген ұран тастағасын Орталық Азияда Вашингтонның аймаққа деген қызығушылығының төмендеуі туралы көп айтылды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын