- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік қызметкерлердің балаларына арналған балабақша оқыту мен дамытуда жаңа тәсілдерді қолданады (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Мемлекеттік қызметкерлердің балаларына арналған балабақша оқыту мен дамытуда жаңа тәсілдерді қолданады (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Бұл Астана қаласында ең үлкен балабақша болып табылады. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілердің балаларына арналған. Балабақша заманауи талаптарға сәйкес келеді. Бұл жерде балаларды оқытудың интерактивті технологиясын пайдалану үшін интерактивті бөлме бар. Біз ең алдымен балаларымыздың физикалық, психикалық сау, эмоцианалды түрде қалыптасқан және жаңа әлеуметтік кезеңге дайын болғанын қалаймыз», деді «Қарлығаш» кәсіпорынының директоры Гүлнар Абдулина.
Бұл жобаның ерекшелігі барлық бөлмелердің ойластырылып блоктарға бөлінуінде. Мысалы, азық-түлік аймағы, сондай-ақ медициналық, тренингтік, әкімшілік аймақ және ұйықтау бөлмелері бар.

Г. Абдулина атап өткендей, «Қарлығаш» балабақшаларында балаларды тәрбиелеуге және дамытуға деген көзқарас өзгертілген. Балабақшаға 3-тен 7 жас аралығындағы балалар бара алады.


Қосымша білім ретінде, балалар қалауы бойынша спорттық және шығармашылық секцияларға қатыса алады. Мұнда каратэ, ритмикалық гимнастика, қазіргі заманғы би, робототехника, ағылшын тілін үйретеді.





Жалпы алғанда, ата-аналар қосымша оқытуды есепке ала отырып орташа есеппен айына 22-ден 30 мыңға дейін төлейді. Күніне 5 уақыт тамақтандырылады.
Жаңа балабақшаның медициналық аймағында физикалық кабинет және массаж бөлмесі, ата-аналарға арналған қабылдау бөлмесі бар.


Интерактивті тақталар мен интерактивті құмсалғыштарды, құм мен сумен ойнауға арналған ванналарды пайдалану жоспарлануда.
Еске салсақ, бүгінгі балабақшаның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова қатысты. Бұл мектепке дейінгі мекеме 350 орынға есептелген.



Ақбота Күзекбай
Фото Шыңғыс Қаппаровтікі
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды