- Басты
- Жаңалықтар
- 2018 жылы Алматының индустриалды аймағында 12 жаңа өндіріс іске қосылады
2018 жылы Алматының индустриалды аймағында 12 жаңа өндіріс іске қосылады
2018 жылы Алматының Индустриалды аймағында (АИА) 12 жаңа өндірістер іске қосылады. Жобалар машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика, тамақ және химия өнеркәсібінің салаларына жатады. Осылайша, қалада скотч, тоңазытылған қамыр, кәбіл өнімдерінің, медициналық мақсаттағы өнімдердің, полимерлік бұйымдардың және т.б. өнімдердің өндірісі басталады. Бұдан басқа, өнеркәсіп аймағының аумағында көкөніс өсіру бойынша жылыжай кешенінің, сондай-ақ табиғи тасты өңдеу бойынша зауытының құрылысы аяқталады. Бұл туралы «Алматының Индустриалды аймағы» ЖШС директоры Әділ Бөрлібаев хабарлады.
Мысалы, «GROUP NAK 8» ЖШС тоңазытылған қамыр шығаратын алматылық өндірушісі әрі қарай нан, бөлке, кішкентай бәліштер, маффиндер, пешеней және т.б. өнімнің 60 түрлі атауын шығаратын болады. Зауыт тәулігіне 2 мың кг тоңазытылған өнім өндіреді деп жоспарланып отыр. Кәсіпорынның жартылай дайын өнімдерді қаланың кафелеріне, мейрамханаларына және қонақүйлеріне тарату ниеті бар. Бұдан басқа, «Әлмерек» ЖШС фармацевтикалық компаниясы шыны түтіктер, қалақшалар, гинекологиялық айналар және т.б. медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін болады. АИА аумағында зауыттың құрылысын салу кәсіпорынға өндірістік алаңын 3 есеге кеңейтуге мүмкіндік береді.
Алматының Индустриалды аймағындағы зауыттың құрылысын алматылық кәсіпкерлерден басқа, шетелдік инвесторлар да жүргізуде.
«Бізге жапон және қытай капиталдарының қатысуымен жобалар ұсынылды. Мысалы, өндірістің орнын ауыстыруды және оны кеңейтуді қауіпсіздіктің инженерлік жүйесін шығару бойынша «Tokyo Rope Almaty» ЖШС кәсіпорны жүргізуде, ал «Asia Steel Pipe Company» компаниясы үлкен диаметрлі болат құбырларының өндірісі бойынша зауытының құрылысын жүргізуде. Индустриалды аймақтың 4 га жерінде орналасатын зауытты іске қосу үшін жапон компаниясының инвестициялары шамамен 3,6 млрд. теңгені құрайды. «Asia Steel Pipe Company» үшін инвестициясының көлемі 33 млрд. теңгені құрайтын 17,6 га жер телімі бөлінді», – деп айтты АИА директоры.
Спикер атап өткендей, резиденттер дайын инфрақұрылымымен жер телімін алу мүмкіндігінің нәтижесінде, Алматының Индустриалды аймағын өте тиімді ұсыныс деп қабылдап отыр. Резидент жер телімін 3 жылға дейін жалға ала алады, оны жекеменшікке сатып ала алады және жер телімін заттай грант ретінде, яғни тегін ала алады.
Бұдан басқа, Бөрлібаев Алматының Индустриалды аймағының бизнеспен қатар, қалалықтар үшін де мультипликативтік тиімділігі туралы айтып берді. Мысалы, кәсіпорынды іске қосу шамамен 5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, өндірілетін өнім ішкі нарықта өткізілетін болады, бұл импортты ауыстыру мәселесін ішінара шешеді. Сондай-ақ, көптеген кәсіпорындар экспортқа бағытталған, тауарларды алыс және жақын маңдағы шетелдерге жеткізу жүзеге асырылатын болады.
«Мұндай ауқымды жобаның мақсаты – алматы агломерациясының шеңберінде өнеркәсіп кәсіпорындарын қаладан тыс жерге шығару. Келешекте бұл қаланың орталық аудандарындағы көлік жүктемесін төмендетеді және қаланың экологиялық жағдайын жақсартады, – деп қорытындылады Бөрлібаев.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары