• Басты
  • Депутаттар дәрі-дәрмектер бағасын реттейтін заң жобасын мақұлдады
17 Қаңтар, 2018 11:41

Депутаттар дәрі-дәрмектер бағасын реттейтін заң жобасын мақұлдады

Аталмыш заң жобасы ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес жасақталды.
Депутаттар дәрі-дәрмектер бағасын реттейтін заң жобасын мақұлдады | Strategy2050.kz

ҚР Парламентінің Мәжілісі дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдердің бағасын реттеуге бағытталған заң жобасын қарауға қабылдады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамраев Палатаның пленарлы отырысында хабарлады.

«Аталған заңның жобасы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес дайындалды. Заң жобасының басты мақсаттары - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қол жетімділігі, олардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дәрілік заттарды ұтымды пайдалану, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуда жоспарлау жүйесін жетілдіру. Заң жобасымен 14 заңнама актілері, оның ішінде Қазақстан Республикасының 5 кодексі мен 9 заңына түзетулер енгізу жоспарланып отыр», - деді Бейбіт Мамраев.


Қайрат Жандыбаев

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды