- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада заманауи үлгідегі балабақша ашылды
Астанада заманауи үлгідегі балабақша ашылды
Мектепке дейінгі мекеме 350 орынға есептелген. Мұнда мектепке дейінгі білім беру үшін барлық жағдай жасалған. Мысалы, балабақшада музықалық зал мен 2 спорт алаңы, хареография залы, бүлдіршіндерді зияткерлік тұрғыда дамыту үшін оқу бөлмелері мен ертеңгіліктерді өткізуге және қойылымдар қоюға арналған салтанат залы бар.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуына арналған бірыңғай стандарттарды енгізу қажеттігі айтылғанын атап өтті. Ол үшін біз саламатты және бақытты балалық шаққа арналған барлық жағдайды жасауымыз керек», -деді Г.Әбдіхалықова.
Ол атап өткнедей, еліміздегі демографиялық ахуал жаман емес.
«Қазақстанда жылына 400 мыңға жуық сәби өмірге келеді. Астанада 20 жыл ішінде туу көрсеткіші 2,5 есе өсті. Өткен жылдың 11 айында елордада 26 мыңнан астам бала дүниеге келді», - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.
Ол хабарлағандай, еліміз бойынша өткен жылдың өзінде 849 мектепке дейінгі мекеме ашылды.
«2017 жылы елде 849 балабақша ашылды, оның 82-сі – Астанадағы мектепке дейінгі мекемелер. Біз балаларды 2020 жылға қарай мектепке дейінгі мекемелермен 100 пайыз қамтуымыз керек. 2017 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 90 пайыздан асты», -деді Г.Әбдіхалықова.
Атап өтсек, жаңа балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеп-оқыту үшін барлық жағдай жасалған. Педагогикалық құрамы біліктілігі жоғары, шығармашыл педагогтардан тұрады.
Ақбота Күзекбай
Фото: ПІБ баспасөз қызметі
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
ЖОО-дағы өзгеріс: Жеке үлгідегі диплом, білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды