- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша аймақтарда 100 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша аймақтарда 100 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді
«Нұрлы жер» бағдарламасы басталған 1 жылда Елбасы ұсынған жоба арқылы 100 мың 812 баспана пайдалануға берілді. Оның 72 мың 904-і көпқабатты, ал қалған 27 мың 908-і жеке үйлер. Өңірлерде баспананы қолданысқа беру бойынша 42,4 пайызбен Батыс Қазақстан, 36,2 пайызбен Оңтүстік және Қостанай облысы 35,6 пайызбен алда келеді.
«Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша, өңірлерде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін жалпы алаңы 288 мың шаршы метр болатын тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Бұл шамамен 5376 пәтер. Өткен жылдың 12 айында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына 2620 баспана берілген. Жоспар бойынша аталған жұмыстар 2019-шы жылға дейін аяқталады. Бұл ретте республикалық бюджеттен 25 млрд. теңге бөлініп отыр», - деп түсіндірді ведомствода.
Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарға, соның ішінде жеке тұрғын үй салынып жатқан жерлерге инженерлік коммуникация тарту шаралары да атқарылуда. Қазіргі уақытта 70,3 мың учаскеде желі тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ҚР ИДМ хабарлағандай, бағдарламаның үшінші бағыты аясында, яғни, кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша елімізде 16 мың 217 пәтер қолданысқа берілді.
Ал, жеке құрылыс салушыларды ынталандыру үшін екінші деңгейлі банктер оларға 2017-2018 жылдары 152 млрд. теңге займ береді. Бұл сомаға жеке құрылыс салушылар 600 мың ш.м тұрғын үй салулары керек.
Ипотекалық несие берудің қолжетімділігін жоғарылату мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы 120 млрд. теңгеге 8 мың займ беру жоспарланған. 2017 жылы жалпы сомасы 13,4 млрд. теңге болатын 1,3 мың займ берілген. Ал биылғы мақсат - жалпы сомасы 106,6 млрд. теңге болатын 6,7 мың займ беру.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда