- Басты
- Жаңалықтар
- АҚШ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өтетін кездесу туралы хабарлады
АҚШ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өтетін кездесу туралы хабарлады
АҚШ Президенті Дональд Трамптың Facebook-тағы ресми парақшасында 16 қаңтарға арналған жұмыс кестесі жарияланды.
«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу. Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен бірлескен баспасөз мәлімдемелері. Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен жұмыс түскі асы», - деп хабарланды америкалық президенттің ресми парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев 16 қаңтарда Вашингтон қаласына ресми сапармен келді. Бүгін Ақ үйде Қазақстан мен АҚШ басшыларының кездесуі өтуі тиіс.
Президенттер аймақтық қауіпсіздіқ пен экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша стратегиялық серіктестікті кеңейту және нығайту жолдарын, сонымен қатар, Қазақстанның бірқатар халықаралық мәселелердегі көшбасшылығын, атап айтқанда Ауғанстан мәселесі бойынша көшбастауын талқылайды.
Бұдан басқа, Қазақстан Президенті БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады