- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілетін болады
Қазақстанда мемлекеттік органдардың қызметіне бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілетін болады
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет мемлекеттік органдардың қызметін кең ауқымда бақылау-қадағалауды тапсырды. Тексеріс қорытындысынан нәтиже алу мақсатында 114 қолданыстағы саланың 25-ін бақылаудан алу және 18-ден 3 саланы қалдыру анықталды», - деді вице-министр.
Сондай-ақ, Серік Жұманғариннің айтуынша, заң жобасы аясында уәкілетті органдардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 39 бабына қатысты әкімшілік істерді бастау туралы баптар мен құзыреттер алынып тасталды.
«Бұл өте маңызды реформа мемлекеттің бақылауы мен қадағалауын ұйымдастырумен байланысты. Өздеріңіз білетіндей, біздің бақылау мен қадағалау төрт топқа бөлінеді. Алғашқы топ - бұл арнайы тапсырыс, онда жоспарлы бақылау жүргізіледі. Екінші сала – бизнес үшін ең қолайлы таңдаулы тексерулер, тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жүзеге асырылады. Үшінші - жоспарланбаған бақылау, ол өтінім мен шағымдар бойынша жүзеге асырылады. Төртіншіден, бақылаудың өзге түрі»,- деп нақтылады ол.
Ұлттық экономиканың вице-министрі атап өткендей, елде бақылау жүйесі толығымен өзгертілуі тиіс.
«Біз кездейсоқ тексерулерді алып тастап, оларды бақылау мен қадағалаудың басқа түрлерімен біріктіріп, алдын-алуды бақылау ұғымын енгіземіз. Енді тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген аудиторлар профилактикалық бақылау нысанын қолданады. Бақылаудың нәтижесі бойынша тексеру жұмысы барысында туындаған сұрақтарды, кемшіліктерді жою керек,», - деді С.Жумангарин.
Сонымен қатар, баяндамашы хабарлағандай, бизнес-тексерулерді жүргізу мерзімдері қысқарады.
Ақбота Күзекбай
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары