• Басты
  • Электронды үкіметтің порталында жаңа қызмет пайда болды
16 Қаңтар, 2018 18:13

Электронды үкіметтің порталында жаңа қызмет пайда болды

Енді бір уақытта заңды тұлғаларды тіркеуге, банктік шот ашуға және сақтандыру келісімшартын бекітуге болады.

Электронды үкіметтің порталында жаңа қызмет пайда болды | Strategy2050.kz

2018 жылдың басынан бастап электронды үкіметтің www.egov.kz порталында жаңа композиттік қызмет пайда болды. Қызметтің атауы – «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, банктік шот ашу және өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан жұмыскерді міндетті сақтандыруды ескере отырып олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу».


Қызметтің қандай артықшылығы бар?

Осы уақытқа дейін азамат заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуге тұрғызғаннан кейін банктік шот ашу үшін мемлекеттік тіркеуге алынғаны туралы анықтаманы банкке апаруы міндетті шарт еді, бұдан бөлек жұмыскерлерді міндетті сақтандыруға алу үшін сақтандыру компаниясына баруы қажет болатын. Ал енді біріккен жаңа композиттік қызметтің арқасында азаматтарға екі күннің ішінде (өтініш берген уақытты есептемегенде) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуге алынғаны туралы куәлікті, банктегі шоттың нөмірін, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келісімшартты алу мүмкіндігі туды.

Қызмет қалай жұмыс істейді?

Заңды тұлғаны тіркеу барысында пайдаланушы eGov.kz порталында заңды тұлға туралы келесі ақпаратты толтырады - заңды тұлғаның атауы, қызметкерлер саны, жетекші мен құрылтайшы туралы мәлімет және т.б.  Сонымен қатар, барлық құрылтайшылардың алдын ала электронды үкіметте тіркелуі (ЭЦҚ болуы) шарт екенін еске саламыз, себебі пайдаланушының жеке кабинетіне заңды тұлғаны тіркеуге алу туралы өтінішке қол қоюға сұрату келеді.

Бұдан әрі, осы жаңа қызметтің шеңберінде пайдаланушыға банктік шот ашуға және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтау туралы келісімшарт бекіту ұсынылады. Ол үшін пайдаланушы берілген тізімнен банк пен сақтандырушы компанияны таңдап, бенефициарларды, қол қоюға құқылы тұлғаларды көрсетіп, сауалнаманы толтырып, eGov.kz-те көрсетілген құжаттарды тіркеу керек.

Бүгінгі таңда  аталған композиттік қызметке екі банк қосылды – «ForteBank» АҚ және «Цеснабанк» АҚ, сонымен қатар, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ қосылды.

ҚР АКМ электронды үкіметті және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары Назгүл Бажаева хабарлағандай, жаңа композиттік қызметке қосылатын банктер мен сақтандыру компанияларының саны өседі, сондай-ақ, азаматтардың жайлылығы мен еліміздегі бизнес-климаттың жақсаруы үшін биылғы жылы бірнеше жаңа қызметтер жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Назгүл Бажаеваның пікірінше жаңа қызмет Қазақстанның халықаралық «Doing Business» рейтингіндегі позициясын арттыруға себеп болады.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік банктің «Doing Business» атты рейтингінде Қазақстан кәсіпорындарды тіркеу, электрмен жабдықтау, меншікті тіркеу, келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету критерийлері бойынша көрсеткіштерін жақсартып, 36-шы орында тұр.

Фото: Ашық дереккөзден

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды