- Басты
- Жаңалықтар
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатыранан 1 млн 200 мың адам шығарылады – М.Әбенов
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатыранан 1 млн 200 мың адам шығарылады – М.Әбенов
«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны артты деген сын айтылды. Оның нормативтік тұрғыда өзіндік себебі бар. Шыған және орта бизнестің жеңілдетілген тіркеуі бар, сондықтанда онда жұмыс істейтіндер тіркелмеді. Бұл заңнамада нақтыланып көрсетілмегендіктен осылай болып келді. Осы ретте, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қамтамасыз ету министрлігі заңнамаға өзгертулер енгізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар өткен жылдың күзінде басталып кетті. Нәтижесінде, шағын және микро кәсіпорындарда жұмыс істеп жатқан 1 млн 200 мың адам көлеңкеден шығарылып, тіркелетін болады. Бұл жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік тұрғыда заңнамамен қорғауға мүмкіндік береді. Жалпы, бізде 2 млн астам адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарында екені анықталды», - деді Мұрат Әбенов.
Сонымен, бірінші кезекте заңнамаға жұмысшыны жеңілдетілген тіркеу нормасы енгізіледі, екіншіден халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Осылайша бизнес пен халықтың мүддесі бірдей ескеріліп, қорғалады.
М.Әбенов баса айтып кеткендей, елімізде жұмыссыздық белең алып кетпеуі үшін халықты кәсіпкерлікке баулу керек.
«Жолдауда көрсетілген өнеркәсіпті цифрландыру, автоматтандыру бірқатар ел азаматтарының жұмыссыз қалып қалуына алып келуі мүмкін. Осы ретте, жалғыз мүмкіндігіміз бизнесті дамыту. ҰКП өткен жылдан бастап «Бизнес бастау» жобасын жүзеге асыруда. Ол шалғайда тұратын қазақ тілді аудиторияны кәсіпкерлікке тартуға бағытталған. Айта кетер болсақ, алғашқы нәтиже жаман емес. ҰКП мамандары ауыл тұрғындарын өз ісін ашудан бастап оны қалай жүргізуге, қандай технологияларды пайдалануға және қалай жұмысқа алуға үйретті. Өткен жылы аталмыш жоба аясында 30 мыңнан астам адам оқытылды», - деді М.Әбенов.
Спикердің айтуынша, кәсіпкерлікті мектептен бастап оқыту керек.
«ҰКП 2019 жылдан бастап кәсіпкерлікті мектепте оқытуды ұсынды. Себебі, біз еңбек нарығына жоғарғы оқу орындарының түлектерін шығарамыз, алайда оларға сұраныс жоқ. Статистикаға сүйенетін болсақ 1,5 млн адамның дипломы бар болса да мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Менің ойымша нәтижелі жұмыспен қамту саласында осы бағыттарға басымдылық беріледі», - деп түйіндеді М.Әбенов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Атамекен» ҚР ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов «Бизнес бастау» жобасының алғашқы қорытындыларымен бөліскен болатын.
Мөлдір Асқарқызы
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды