- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында 2018 жылы жолдарды жөндеуге 39 млрд теңге жұмсалады
Қарағанды облысында 2018 жылы жолдарды жөндеуге 39 млрд теңге жұмсалады
«Қарағанды облысы үлкен транзитті әлеуетке ие. Бүгінгі болмыс жағдайында біз бұл артықшылықты толыққанды пайдалануымыз керек. Елбасының жергілікті жол тораптарын жөндеуді және қайта қалпына келтіруді қаржыландыруды ұлғайту бойынша тапсырмасы бар. Өткен жылы біз бұл бағытта үлкен жұмыс атқардық. 33,5 млрд теңгеге 863 шақырым жолды жөндедік», - деді Ерлан Қошанов.
Ол жөндеу жұмыстары Қарағанды-Жезқазған, Қарағанды-Қарқаралы трассаларында өткізілгенін еске салды. Қарағандының Солтүстік және Шығыс айналып өту жолдарының құрылысы басталды.
«2018 жылы Қарағандыдан Теміртауға өтетін Орталық-Оңтүстік өткеліндегі жөндеу жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар осы жылға Қарағанды-Жезқазған жолының бөліктеріндегі орташа жөндеу бойынша, Қарқаралыдан баянауылға бағытталған жолдың бір жылға жұмыс кестесі жоспарланған, - деп ірі жобаларды атап өтті облыс әкімі. – Ағымдағы жылы бюджеттен жол жөндеу жұмыстарына 39,1 млрд теңге бөлінген. Ол қаражат 800 шақырым жолды қамтуға жетеді», - деп түйіндеді аймақ басшысы Ерлан Қошанов.
Бұдан басқа, облыстық және аудандық авто жолдардағы төрт көпірді қалпына келтіру жұмыстарын аяқтауға, Қарабас-Жартас және Ақтоғай-Балқаш бағыттарындағы проблемалық бөліктерде күрделі жөндеу өткізуге қаражат қарастырылған. Алғаш рет бюджеттен аудан орталықтарының ішіндегі жолдарды жөндеуге қаражат қарастырылып отыр.
Фото: мұрағат
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты