- Басты
- Жаңалықтар
- Жекешелендіру кешенді жоспары 71%-ға орындалды - Б.Сұлтанов
Жекешелендіру кешенді жоспары 71%-ға орындалды - Б.Сұлтанов
«Бүгінде 2016–2020 жылдарға арналған жекешелендіру кешенді жоспары 904 нысанды қамтып отыр. Бұл тізімге қайта құрылатын және қайта тіркеуден өтетін 28 республикалық меншік нысаны енгізілген жоқ. Олар - апаттар медицинасы және теміржол госпитальдары. Бірақ Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, аталған акционерлік қоғамдар қайта құрылуға жатады. Сонымен, екі жылдың ішінде кешенді жоспарға кіретін 476 кәсіпорын сауда-саттыққа шығарылып, 367-сі сатылды. Одан түскен қаржының көлемі 164 млрд теңгені құрады. Бұдан басқа, 255 нысан қайта ұйымдастыру және тарату сатысында тұр. Жалпы, Жекешелендіру кешенді жоспарын орындау 71% құрады», - деп хабарлады Бақыт Сұлтанов.
Ол атап өткендей, 2017 жылы 463 нысанды сату көзделген. Жоспар 97%-ға орындалды, 289 нысан саудаға шығарылып, 190 — сатылды, 162 — жойылды және қайта құрылды, 12 нысанның сатылымы 2018 жылға қалдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында жекешелендіру процестерін жылдамдатуды тапсырды.
Қайрат Жандыбаев
-
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Cалықтық декларациялау: тапсыру мерзімі, көрсетілетін деректер және іс-шаралар жоспары -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту шаралары: Еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады -
Тоқаев: Жекешелендіру жеке монополистердің пайда болуына жол бермеуі тиіс -
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды -
Мәжіліс сайлауы: Мәжіліс депутаттары жоспарымен бөлісті -
Жолдау-2020: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы дайындалды -
Дағдарыс кезінде жоғары бiлiм беруді дамыту. БҒМ жоспары қандай -
Биыл магистратура мен докторантураға тапсырушылар нені білуі тиіс -
2020 жылдың 6 айында ел жолдарындағы құрылыс жұмыстарының шамамен 30% орындалды -
Самұрық-Қазына» ҰӘҚ" АҚ активтерін жекешелендіру мәселесі қаралды -
Экономиканы қалпына келтіру: кешенді қолдау шаралары қандай