- Басты
- Жаңалықтар
- 2018 жылы Қазақстанда 220 мың жаңа жұмыс орны ашылады - Еңбек министрі
2018 жылы Қазақстанда 220 мың жаңа жұмыс орны ашылады - Еңбек министрі
Министрдің сөзіне сүйенсек, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 2017 жылы 527 мың адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 136 мыңы бейресми түрде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, олардың мәртебесі үй-үйді аралау кезінде анықталды. Өткен жылы азаматтардың мәртебесін анықтау және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ресми рәсімдеу кезінде 5,7 млн. адам анықталған болатын. Орталық мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде шамамен 3 млн. адамның мәртебесі бір жылдан кем уақытта рәсімделді және бүгінгі күнде 2,7 млн. адамның мәртебесі анықталмай отыр.
«2,7 млн. азаматтың мәртебесі жоқ, 1,14 млн-ы бейресми жұмыспен қамтылғандар, оларды рәсімдеу үшін тиісті заңнамалық өзгерістер қажет. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жүрген 1,55 млн адам нәтижелі жұмыспен қамтуға қатысуы қажет»,- деп атап өтті Үкімет отырысында Тамара Дүйсенова.
Ведомство басшысының айтуынша, еңбек қызметін ынталандыруды есепке ала отырып, жұмыспен қамту саласын цифрландыру және әлеуметтік кепілдіктерді ұсынуды қоса алғанда, бірқатар кешенді шаралар әзірленді. Бұл нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасымен бірге жүргізілетін болады. Негізгі міндет – 2,7 млн. адамды емес, 1,5 млн адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды қолдау мақсатында өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды және жұмыспен қамтуды жандандырудың жоспарларын қалыптастыру үшін аймақтар жол картасын бекітті. 2018 жылы жұмыспен қамту әлеуетіне сай 743 мың жұмыс орны анықталды, олардың 220 мыңы жаңа жұмыс орындары», - деді министр.
Олардың әлеуметтік сипаты төмендегі санаттар бойынша: 52% жұмыссыздар, 48% өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, гендерлік аспектіде, яғни 48% әйел адамдар, аз қамтылғандар 22% және жастар 30%-ды құрап отыр.
«Сонымен бірге, жобаларды іске асыру кезінде кез-келген елді мекендерде жұмыспен қамту мониторингі біз жасаған, нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін электрондық карта негізінде жүзеге асырылатын болады», - деп өз сөзін қорытындылады министр Т. Дүйсенова.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет