- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы Астанада мемлекеттік бағдарламалар аясында 1062 пәтер салынды.
2017 жылы Астанада мемлекеттік бағдарламалар аясында 1062 пәтер салынды.
Негізгі әлеуметтік-экономикалық индикаторлардың барлығында өсімнің оң қарқыны байқалады, деп хабарлайды Астана әкімдігі.
Уақытында атқарылған жұмыстардың арқасында құрылыс көлемі ұлғаюының (100,8% ) оң өсімін сақтауға мүмкіндік берді.
Жыл басынан баспананың 2 360 мың шаршы метрі пайдалануға берілді. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында 7 тұрғын үй кешені (1062 пәтер) бой көтерді.
Елордада ШОБ-тің 12,7 мың субъектісі тіркелді. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14% артық көрсеткіш.
Еңбек нарығында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың 15 мыңнан жуығы ШОБ саласындағы жұмыс орындары.
Әлеуметтік сала нысандарының желілерін кеңейту мақсатында 5 мектептің жанынан 2600 орынға лайықталған қосымша ғимараттар салынып, пайдалануға берілді. 480 орынға арналған 2 бала бақша ашылды. Жалпы және кәсіби білім беретін оқу орталығы ғимаратының жанында, ММ-нің жанында 100 орынға арналған «Психоневрологиялық медициналы-әлеуметтік мекеме» пайда болғандығы мәлім болды отырыс барысында.
Инфрақұрылымды дамыту бағыты бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстардың барлығы, «Талдыкөл» ақаба суларды жинақтағышын жою жобасының аясындағы технологиялық жабдықтың монтажы аяқталып, өнімділігі тәулігіне 200 мың куб метрді құрайтын бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған насосты-фильтрлік станция қайта жөндеуден өтті.
Нөсер канализациясын дамыту аясында № 27 көшедегі нөсер канализациясының тазарту ғимараттарының 3 кешені іске қосылды. Мұнымен қоса, Есіл өзеніне дейінгі, Рысқұлов көшесінен №31 көшеге дейінгі аралықта жатқан нөсер канализациясының су тастайтын коллекторларының құрылысы аяқталды.
Құрылыс есебінен жылу желілерінің 50 шақырымы мен электр желілерінің 25 шақырымы, «Тұран», «Жаңа жол», «Бәйтерек» шағын станциялары, ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жөндеуден өтті.
Қалада 177 аула абаттандырылып, балаларға арналған 1272 ойын түрлері орнатылды. 21 спорт алаңы ұйымдастырылып, ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша көппәтерлі 9 үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Астана қаласы бойынша мұндай нәтижелерге қол жеткізуге индустрияландыру, құрылыс, шағын және орта бизнес бағдарламаларын жүзеге асыру өз септігін тигізді.
Фотосурет: мұрағат
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр