- Басты
- Жаңалықтар
- Ә. Исекешев мұғалімдердің жалақысын 30%-ға көтеруді тапсырды
Ә. Исекешев мұғалімдердің жалақысын 30%-ға көтеруді тапсырды
«ҚР Президентінің биылғы жолдауы ерекше сипатқа ие. Цифрландыру, сандық технологияларды барлық салаға ендіру оның басты бағыты болып табылады. Президент өз жолдауында қазақстандық индустрияны, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту мен цифрландыруға, әлеуметтік саланы дамытуға басымдық берді. Мемлекеттік органдардың жұмысы біздің алдымызға қойылған негізгі 10 міндетті орындауға бағытталуы тиіс», - деп атап өтті қала әкімі Әсет Исекешов, деп елорда әкімдігінен хабарлады.
Қала активі жиналасы барысында шаһар басшысы Әсет Исекешев басқарма басшылары мен жергілікті атқару билігінің өкілдеріне тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту кезінде тиісті МЖӘ механизмін әзірлеуге, мұғалімдер жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30%-ға көтеруге, математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын арттыруға, қанатқақты жоба іске асқаннан кейін электронды денсаулық паспортын енгізуге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Ал, «Цеснабанк» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Марат Джаукенов Елбасы Жолдауында көрсетілген банк секторы алдындағы тапсырмаларды орындаудың негізгі жолдарын атап өтті.
Сонымен қатар, басқосуда адами капиталды дамыту, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту, латын қарпіне көшу, МЖӘ аясындағы «Сергек» сияқты жобаларды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларды орындаудың барысы тілге тиек болды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері